Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әріптестіктің жаңа белгісі

Әріптестіктің жаңа белгісі

Мәдени Алматы 20.12.2024, 16:45 987
Әріптестіктің жаңа белгісі
Сурет: Әдебиет институты

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 90 жылдық мерейтойына орай Астана қаласындағы күндері аясында Институт ғалымдары Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымымен әріптестік кездесу өткізді. 

 Әріптестік кездесу-сұхбатта Институт бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Қалиева Альмира Қайыртайқызы, Институттың жетекші ғылыми қызметкері, өнертану кандидаты Мұқан Аманкелді Оразбайұлы, ғалым хатшы, Phd Кенджакулова Айнұр Берікқызы сондай-ақ, Қазақ ұлттық хореография академиясының «Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының профессоры филология ғылымдарының докторы Толысбаева Жанна Жеңісқызы, өнертану кандидаты, профессор Жұмасейітова Гүлнәр Тазабекқызы және оқытушы-профессорлық құрамы мен Phd докторанттар, магистранттар қатысты.

Кездесу барысында Институттың 90 жылдық тарихы мен ғылыми-зерттеу жұмысы жөнінде ақпарат беріліп, соңғы бес жылда жарық көрген  ғылыми еңбектер таныстырылды. Атап айтқанда, «Бейнелеу өнері» бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент Шарипова Диляра Сафарғалиқызының жетекшілігімен жарық көрген «Мәңгілік Ел» мәдени парадигмасы мен Қазақстан өнерінің жаһандануы», «Культурная память как духовный ресурс национальной идеи «Мәңгілік ел» в современном изобразительном искусстве и архитектуре Казахстана», «Қазақстанның рухани жаңғыру контекстіндегі бейнелеу өнері» ұжымдық монографиялары, «Театр және кино» бөлімінде, өнертану кандидаты Мұқан Аманкелді Оразбайұлының басшылығымен шыққан «Жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы көркемөнердің рөлі», «Заманауи театр және кино өнеріндегі мәдени мұраның сақталуы мен трансформациялануы» атты ғылыми еңбектері таныстырылды.

Сондай-ақ, әріптестік кездесуде екі мекеме өкілдері өзара ынтымақтастық келісімшартын қайта пысықтап, ғылыми және мәдени шығармашылықты нығайтуға байланысты бірлесіп жұмыс жасау жоспарларымен бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әдебиет және өнер #Мерейтой #институт #әріптестік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика