AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / "Әр азамат ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезі...

"Әр азамат ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезінеді",- Қошанов

АЭС: Референдум 07.10.2024, 15:06 1,112 Nursok82
"Әр азамат ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезінеді",- Қошанов
aes2024.kz

Бүгін Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Соған сәйкес, сайлаушылардың 71,12%-ы АЭС құрылысын қолдады. Exit poll қорытындысы да осыған жақын нәтиже көрсетті.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді.

"Жаңа саяси жағдайда Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық тарихындағы үш референдумның екеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтті. Сөз жоқ, жаңа саяси мәдениет дәл осылай қалыптасады. Әр азамат қоғам үшін маңызды мәселелерді шешу ісіне тікелей араласып, ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезінеді. Бұл – демократияның іс жүзіндегі көрінісі.

Депутаттар үнемі өңірлерді аралап жүр. Біз қоғамдық сана өзгеріп, жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көріп отырмыз. Тұрғындар кез-келген тақырып бойынша өз ұстанымын ашық айтып, оны барлық деңгейде батыл қорғауда. Бұл – Президенттің Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформалар бағдарының басты нәтижесі.

Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Халықтық штаб барлық өңірге барып, мыңдаған кездесу өткізді. Соның барысында жалпы қоғам ел болашағы үшін АЭС салудың маңызын түсініп отырғанына көз жеткізді. Кәсіпкерлер, шаруалар, кеншілер, жұмысшылар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар да экономикасы дамыған елде өмір сүргісі келеді. Олардың барлығы мұның кілті энергетикалық тәуелсіздік екенін және бұл үшін АЭС салу қажет екенін жақсы түсінеді.

Бейбіт атом – инновациялық тұрғыда сенімді, қауіпсіз, экологиялық таза энергия көзі. Бұл – ғылымда, техникада, өндірісте, ауыл шаруашылығында және өзге де көптеген салада көкжиегімізді кеңейтетін әлемдік тренд.

Осылайша, халық өз таңдауын жасады. Барша қазақстандықты еліміздің жаңа тарихында ерекше орын алатын осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.

Халықтық штабтың барлық мүшелеріне – саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтар мен қауымдастықтардың өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер азаматтарымыздың игілігі үшін аса маңызды істер атқардыңыздар!",- деді Қошанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Энергия #Ерлан Қошанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);