ffin.kz

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: Бізге бүгін бірлік керек!

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: Бізге бүгін бірлік керек! adebiportal.kz

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы көкейімізде жүрген көп сұраққа жауап алуға мүмкіндік берді. Көңілге қонды. Әр саладан айтылған әңгімелер бүгінгі халықтың сауалына жауап болды. Депутаттарға артылған жұмыстар, айтылған тілектер олардың сапасын арттырып, санын азайту, әсіресе, халықпен бірге болу дегені көңілімізге қонды.


Билік халықтан алыстап кеткелі көп уақыт болды. Халықпен сөйлеспегелі көп уақыт болды. Міне, содан кеткен қателікті түзеу, жаңа Қазақстанды жаңа жолға қою деу біздің көкейімізге қонады. Әсіресе, жастардың рухани тәрбиеден алшақтауы жайында айтқан ертеңгі Құрылтай кеңесін құру, үлкенге ізет, тәжірибесі мол естиярлардан сабақ алу сияқты қоғамда болатын жаңалықтар да  көңілімізден шықты.



Кешегі жүрегімізді жаралаған қаңтар қырғыны туралы оның да көп нәрсесінің бетін ашып, әлі де тексеріліп жатқанын айтты. Бұл біздің тарихымызға, біздің егемендігімізге, елдігімізге үлкен сын болған қателіктің нүктесі тезірек қойылса деп халық әлі де күтуде. Сондықтан бұл сауалдардың да нақты шешімі дұрыс болатынына біз сенеміз.



Тағы бір қуанғанымыз, кең байтақ Қазақстанның облыстарын қысқартып емес, кеңейтіп басқару қажет еді. Жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Алматы облысы мен Қонаевтың есімін Қапшағай қаласына беру туралы айтқаны, осынау ел ардақтаған азаматтың ескерілуі бұл да бір кейінгіге үлкен үлгі боларлық жайт. Өйткені, Қонаев туған елге қызмет етудің, тазалықтың, парасаттылықтың, азаматтықтың үлгісін көрсеткенін біз жақсы білеміз. Соның куәгеріміз. Әлемде болып жатқан жайттарды түсіндіре келе, экономикалық қиындықтарға шыдау керек екенін де ескертті. Өйткені, туған елін сүйетін әр азамат өзінен бастау керек, туған елді қорғауға өзі қызмет етуі керек дегені де көкейімізге қонады.



Ұлттың санасының биік болуын, елдің тұтастығы, еркіндік пен көк Туды сақтауда бірлік қажет екенін баса айтты. Бұл да біздің көкейімізде жүрген үлкен мәселе. Бізге бүгін бірлік керек, тірлік керек! Еңбек ету керек және ұрпақтың тәрбиесі мен сауаты керек. Ұлы даланың бірінші байлығы – кеңдігі және егісі мен мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының кенжелеп тұрғанын тағы да бір айтатын шығар, анау Арқалық пен Торғайдың да тағдыры ойландыратын шығар, бәрі өз кезегімен болатын шығар деп ойлап отырмын.



Бізге кең далаға еңбек ететін жастарға мүмкіндік жасаса, бәрі дұрыс болар еді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын, даланы көркейтуді тезірек қолға алса, бәлкім, Қазақстанның болашағы мүлдем басқа болады, жұмыс қолы көбейеді. Менің ойымша, ауылды көркейту – кезек күттірмейтін мәселе. Ауыл азып кетті. Ауыл тозған соң, ұрпақ азып кетті. Бұл да бір біздің көкейімізде жүрген үлкен мәселе. Келесі кезекте Президентіміз осыған көңіл бөлетін шығар деген үміттемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10