AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсал...

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Оқиға 03.04.2026, 14:27 554
Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Облыстық полицияның мәліметінше, Хромтау қаласында қылмыстық орта өкілдері шахтерлерді қорқытып, күш көрсетіп, ақша бопсалаған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алайда жәбірленушілер бұл туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірмеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер толық анықталып, олардың әрекетіне қатысты нақты дәлелдер жиналған. Соның нәтижесінде барлық қатысушыны бір мезетте ұстау операциясы жүргізілді. 20 санкцияланған тінту кезінде ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді.

Осындай заңсыз әрекет Ақтөбе қаласында да анықталды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарын нысанаға алған бопсалаушылар тобын әшкереледі. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар күш көрсету және күзет қызметкерлеріне қысым жасау арқылы заңсыз «қорғау» қызметін күштеп таңып келген.

Қазір қылмыстық топтардың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған деректер бойынша бопсалау фактісімен қылмыстық істер қозғалды. Сонымен қатар заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру жайттары бойынша да қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);