AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ: 11 қыркүйекке қатысты құпия құжаттар жариялан...

АҚШ: 11 қыркүйекке қатысты құпия құжаттар жариялануы мүмкін

Әлем 05.09.2021, 05:39 1,338 Almaty-akshamy
АҚШ: 11 қыркүйекке қатысты құпия құжаттар жариялануы мүмкін
Cурет: Qazaqstan.tv

Бұйрық лаңкестік оқиғаның 20 жылдығы қарсаңында шығып отыр.


АҚШ президенті Джо Байден 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуыл жөніндегі құпия құжаттарды жария етуді бұйыратын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Нақтырақ айтқанда, ол Әділет министрлігі мен өзге де құзыретті органдарға ФБР тергеуі жөніндегі құжаттарды жария ету тұрғысынан зерделеуді тапсырды.
Азаттықтың мәліметіне қарағанда, Бұйрық лаңкестік оқиғаның 20 жылдығы қарсаңында шығып отыр. Өткен айда лаңкестік шабуыл құрбандарының туыстары Байденнен құпия құжаттарды жария етпейінше 11 қыркүйек оқиғасын еске алу шарасына келмеуді талап еткен. Олар ФБР құжаттарында лаңкестік шабуыл артында Сауд Арабиясы тұрғанын көрсететін айғақтар бар деп сенеді.
«Құпия құжаттарды жария ету ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін болғанымен, бұқараның жариялыққа деген мұқтаждығы ұлттық қауіпсіздік мүддесінен басым болатын тұста ақпарат құпия күйінде қалмауы керек», - деді Байден өз бұйрығында.
Осы бұйрықтан кейін бас прокуратура қай құжатты әшкере етуге болатынын, қай құжатты әлі де құпия ұстау қажетін анықтап, біріншісін алты ай ішінде жариялауы тиіс.
2001 жылы 11 қыркүйекте бір топ лаңкес жолаушы ұшақтарын басып алып, оларды Нью-Йорк қаласындағы сауда үйіне бағыттаған. Салдарынан 3 мыңға тарта адам қаза тапты.
Ұшақты ұрлағандардың ішінде 15-і Сауд Арабиясының азаматы болған. Шабуылды мойнына алған «әл-Қайда» ұйымының жетекшісі Усама бин Ладен де Сауд Арабиясының азаматы.
Сауд Арабиясы шабуылға қатысы барын жоққа шығарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #11 қыркүйек #2001 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);