AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ақорда «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірд...

Ақорда «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірді

Саясат 29.11.2022, 06:15 1,430
Ақорда «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірді
Сурет: Akorda.kz

Егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет.


Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарында талқыланған мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмысын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүддесін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.



Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы апта басында Ресейге ресми сапармен барған болатын.


Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.


Сондай-ақ Президент Ресей басшысы Владимир Путинмен және Үкімет басшысымен кездесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ресей #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰДБ ынтымақтастықтың 2026-2030 жылдарға арналған басымдықтарын айқындады

Бүгін 00:15

«Басты мақсатым 9.0 емес еді»: алматылық студент IELTS-тен ең жоғары балл алды

Кеше 17:41

Бір күнде төрт медаль: алматылық спортшылар Азия Пара ойындарындағы жүлде қорын толықтырды

Кеше 16:53

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолы учаскесінің ашылу рәсіміне қатысты

Кеше 16:31

Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Кеше 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);