AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақмолада 53 лауазымды тұлға автобуспен мектепке же...

Ақмолада 53 лауазымды тұлға автобуспен мектепке жеткізудегі заңсыздықтар үшін жазаланды

Оқиға 23.04.2022, 13:01 1,123 Almaty-akshamy
Ақмолада 53 лауазымды тұлға автобуспен мектепке жеткізудегі заңсыздықтар үшін жазаланды
Cурет: Ult.kz

Ақмола облысында балаларды мектептерге автобуспен тасымалдау кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Ақмола облысының прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге автобустармен тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуына талдау жүргізді.
Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тексеріс кезінде көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің тиісті санаты болмаған жүргізушілердің мектеп автобустарымен балаларды тасымалдағаны анықталды.



«Бұдан бөлек, көлік құралдарының жүргізушілері міндетті рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізіліп тұрмағаны, мектеп автобустарын өрт сөндіргіштермен және алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишаларымен жабдықталмағаны белгілі болды. Осылайша, балалардың өмірі мен денсаулығына қауп төндірілген», - деді мекемеден.



Прокурорлардың актілері бойынша облыс мектептері мен аудандық білім бөлімдерінің 53 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке және 10 автобус жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды.



«Көрсетілген салада анықталған заң бұзушылықтар жойылды, мектеп автобустарының жүргізушілеріне және көлік құралдарына қойылатын талаптар нормаға сәйкес келтірілді», - деп түйіндеді прокуратурадан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #заң #тасымал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);