ffin.kz

Ақ қайыңның көз жасы қанша тұрады?

Ақ қайыңның көз жасы қанша тұрады? Сурет: Karamellka.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары тұрғындарды орманға барып қайың шырынан алу заңсыз екенін ескертті.


Оны елемегендерге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, күннің жылынуымен ағаштарда сөл жүру кезеңі басталады.


Қайың шырынын ұнататындар мұндайда балта-пышақпен қаруланып, орманға барады. Бірақ, бұл – заңсыз.



«Өкінішке қарай, халықтың жекелеген санатының тұтынушылық құмарлығы көбінесе сана мен жауапкершілік сезімінен басым болады, салдарынан қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Қайың шырыны қысқы ұйқыдан ағаштың оянып, өсіп, жапырақтары гүлденуі үшін бұтақтарға қажетті қоректік заттарды жеткізеді. Ағаштың қабығын аршып, шырынын ағызғаннан кейін олардың көпшілігі ауруға шалдығады, өсімдіктердің қауіпті аурулары осы жаралар арқылы ағашқа енеді, тез шіриді», - дейді басқарманың бөлім маманы Сәуле Сүлейменова.



Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қайыңның ағаш шырынын дайындау жоспар бойынша жүргізіліп, жақын арада кесілетін, пісіп-жетілген ағаштарда жүргізіледі.



«Шайырды, ағаш шырынын, қосалқы ресурстарды дайындау қағидаларына сәйкес шырынды кесуге кемінде бес жыл қалған ағаштардан алуға болады. Шырын дайындау кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде мемлекеттік орман шаруашылығы жазып берген орман билеті болуы тиіс. Қайың шырынын дайындауды жүзеге асыруға болатын орман учаскелері туралы қажетті ақпаратты алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша орман шаруашылығына жүгіну қажет, онда қайың шырынын заңды түрде дайындау үшін қандай рұқсат құжаттары қажет екенін білуге болады», - дейді Сәуле Сүлейменова.



Маманның айтуынша, талап сақталмаған жағдайда айыппұл салынады.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Әкімшілік кодекске сәйкес кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырынын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жеке тұлғаларға 10 АЕК немесе 34 500 теңге мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК немесе 103 500 теңге мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК немесе 172 500 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32