Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Анна Кудиярованың 70 жылдығына орай халықаралық ко...

Анна Кудиярованың 70 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді

Барлығы 19.05.2025, 11:30 489
Анна Кудиярованың 70 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақ психоаналитигі, ғалым және ағартушы Анна Кудиярованың 70 жылдық мерейтойына орай «Психоанализ өмірде. Өмір психоанализде» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші мамандарды біріктіреді.

Анна Кудиярова — психоанализ саласындағы тұңғыш қазақ мамандарының бірі, психотерапия мен психоанализді Қазақстанда және Орталық Азияда дамытуда үлкен рөл атқарған тұлға. Ол — Психоанализ және психотерапия институтының негізін қалаушы, бірнеше буын терапевт мамандарды тәрбиелеген ұстаз. Оның ғылыми және тәжірибелік еңбектері адамның ішкі әлемін терең түсінуге, мәдениетаралық диалог орнатуға және психоанализді қазақ қоғамының ерекшеліктеріне бейімдеуге арналған.

Анна Кудиярова – психоаналитикалық ойды кеңінен таратып, бұл бағытты кәсіби және қоғамдық деңгейде нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті ғалым әрі ағартушы. 

Бағдарлама аясында қазіргі психоанализ теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелер бойынша баяндамалар мен пікірталастар өтеді. Конференцияға АҚШ, Дания, Италия, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан танымал сарапшылар қатысады.

Спикерлер қатарында — Анна Кудиярованың әріптестері мен шәкірттері, танымал психоаналитиктер, оқытушылар мен зерттеушілер бар. Олар психоанализдің Орталық Азиядағы дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғамен кәсіби жолда кездескен.

Өтетін күні:

 23 мамыр  2025 жыл — онлайн

24 мамыр  2025 жыл — Алматы қаласындағы оффлайн кездесу /Almaty Resort Альмерек /

Ұйымдастырушылар:

Орталық Азия Психоанализ Институты

Халықаралық психоаналитикалық қауымдастық

Конференция тақырыптары кең ауқымды қамтиды — клиникалық тәжірибеден бастап терапиялық үдерістегі өзгерістерге, психоанализдің мәдени қырлары мен қазіргі қоғамдағы рөліне дейін.

Анна Кудиярова — Қазақстандағы психоанализдің негізін қалаушылардың бірі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы, тұтас терапевттер буынына жол ашқан ұстаз. Оның психоаналитикалық білім беру, ғылымаралық диалог пен психотерапия мәдениетін дамытудағы рөлі ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары бағаланады.

 

Конференцияға қатысу — алдын ала тіркеу арқылы.

Байланыс ақпараты, бағдарлама және тіркеу формасы:

+7 747 955 69 44

Телеграм арнаға жазылыңыз
#анна кудиярова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика