конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жү...

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Спорт Бүгін 10:06 83 Дина
Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
sportbox

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен матчында Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу ағылшындардың қарқынды шабуылымен басталды. Матчтың 3-минутында Деклан Райс алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Арада 15 минут өткенде Райстың бұрыштамадан асырған пасын Эзри Конса голға айналдырып, есепті 2:0-ге жеткізді.

38-минутта Букайо Сака үшінші голды соқса, бірінші таймға қосылған уақытта ол дубль авторы атанып, Англия үзіліске 4:0 есебімен басымдықпен кетті.

Екінші таймда Франция таразы басын теңестіруге барын салды. Алдымен Килиан Мбаппе есеп айырмасын қысқартса, кейін Брэдли Барколя мергендік танытты. 66-минутта Мбаппе тағы бір гол соғып, есепті 4:3-ке жеткізді.

Осы голдан кейін Мбаппе биылғы әлем чемпионатындағы 10-голын соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарының финалдық кезеңдеріндегі гол саны бойынша Лионель Мессиден озып, рекорд орнатты. Француз шабуылшысының еншісінде – 22 гол, ал Мессиде – 21.

Матчтың 87-минутында Букайо Сака пенальтиден мүлт кетпей, хет-трик рәсімдеді. Қосымша уақытта Усман Дембеле француздардың төртінші голын соққанымен, араға екі минут салып Джуд Беллингем қарсы шабуылды сәтті аяқтап, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша Англия құрамасы 6:4 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Ал Франция турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өтеді. Бас жүлде үшін Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);