AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің із...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицина Бүгін 19:02 43 yakiya
Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар пәнаралық  әдістер батыл енуде. Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың С. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасында бұл процесс үздіксіз ғылыми-білім беру цикліне айналған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Әсия Төлеубайқызы Дүйсембаева 70 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинарда академиялық нәтижелерін таныстырды. Ғалымның көпжылдық зерттеулері Қазақстандағы экологиялық морфологияның іргетасын қалады.  Еліміздегі кәсіби білікті медицина кадрларын даярлаудағы жаңа белеске айналды.

Әсия Төлеубайқызы Дүйсембаеваның өмір жолы отандық медицина тарихымен тығыз байланысты. Ол 1979 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген соң, балалар дәрігерінің клиникалық ойлау жүйесін іргелі академиялық ғылыммен ұштастырудың ең күрделі жолын таңдады. 1981 жылдан бастап оның кәсіби шаңырағына айналған ҚазҰМУ-дың қалыпты анатомия кафедрасында 45 жылдан астам ғылыми-педагогикалық қызмет етті. Еңбек жолы ассистенттен басталды.  Бүгінде елге танымал профессор ұстаздық қызметін жалғастырып отыр.

Профессор Ә. Дүйсембаеваның ғылыми-инновациялық қызметінің басты жетістігі ретінде анатомия мен экология тоғысындағы қолданбалы бағытты ерекше атауға болады. Оның экотоксиканттардың әсерінен лимфоидтық мүшелердегі морфофункционалдық өзгерістер мен оларды түзетуге арналған іргелі докторлық диссертациясы заманауи сын-қатерлердің алдын алуда дәлелденген нәтижелі еңбек саналады. Ресей МҒА академигі Ю.И. Бородин, ҚР ҒА академигі А.А. Ыдырысов пен профессор Б.Н. Нұрмұхамбетова сияқты ірі ғалымдармен бірлескен эксперименттер нәтижесінде Әсия Төлеубайқызы қолайсыз қоршаған ортада ағзаның қорғаныс жүйелерін анықтауда маңызды тұжырымдарды қалыптастыра алды.

Профессордың инновациялық белсенділігі оның академиялық беделімен айшықталады. Оның қоржынында 200-ден астам ғылыми еңбек пен беделді халықаралық Scopus және Web of Science базаларындағы жарияланымдар бар. Германия, Израиль, Мысыр, Италия, Мажарстан, Испания және Португалия сияқты әлемнің ірі ғылыми алаңдарында жасаған баяндамалары әрдайым үлкен қызығушылық тудырып, қазақстандық морфология мектебінің әлемдік кеңістігіне жол ашты.

Бүгінгі таңда қалыпты анатомия кафедрасы  заманауи ғылым-білім беру кластері. Профессор Ә. Дүйсембаева  оқу процесін тиімді ұйымдастыра білген басшы. Он үш инновациялық оқыту әдісін әзірлеп қоймастан, оларды өндіріске енгізді.

Профессор   ғылыми жиында: «Ең құнды актив - адам», - деген ұстанымды берік ұстанатынын атап өтті.  Ғалым-ұстаз университеттің Білім беру бағдарламалары комитетінің төрайымы және Орталық әдістемелік кеңесінің мүшесі ретінде  білікті  медицина мамандарын даярлаудағы жауапкершілік пен ізденісін еш тоқтатпаған жан.

Профессор Әсия Дүйсембаеваның мектебінен өткен ҚазҰМУ студенттері озат интерактивті және графикалық құрылымдармен жұмыс істейді. Бұл оларға халықаралық олимпиадалар мен байқауларда  сапалы зерттеу жобаларымен қатысуға мүмкіндік береді.

Әсия Төлеубайқызының сіңірген еңбегі ҚазҰМУ-дың «Алтын медалімен», «Үздік түлек», Үкіметтің «Еңбек ардагері» медальдарымен және беделді «Қазақстанның Алтын кітабына» енуімен жоғары   лайықты бағаланған.

Профессор Әсия Дүйсембаеваның мерейтойы отандық медицина ғылымы үшін үлкен мереке. Осындай ғалымдардың арқасында қазақстандық анатомия мектебі дәстүрлер сабақтастығын жалғап келеді.

 

Профессор Гүлмира Сұлтанбаева

Телеграм арнаға жазылыңыз
#профессор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бүгін 18:59

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:57

ШҚО ескекшісі Азия чемпионатында үш бірдей медаль жеңіп алды

Бүгін 18:55

Астаналық спортшылар пара армрестлингтен Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:52

Ерлан Қошанов: "Біз жалаң ұран мен популизмге салынған жоқпыз"

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);