Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Америка ғалымдары жас көрінудің бес тәсілі турлы а...

Америка ғалымдары жас көрінудің бес тәсілі турлы айтты

Керек кеңес 03.03.2022, 07:42 3,054
Америка ғалымдары жас көрінудің бес тәсілі турлы айтты
Сурет: Sanatoriy-victoria-essentuki.ru

Күйзеліспен күресу үшін сарапшылар спортпен шұғылданып, өзіне күтім жасауға шақырады.


АҚШ дәрігерлері терінің саулығын сақтап, жас көрінуге мүмкіндік беретін бес тәсілді атады. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымы жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Адамның өзін жақсы сезініп, жақсы көрінуі үшін теріні артық күн сәулесінен міндетті түрде қорғау керек, дұрыс тамақтануды ұстанып, темекі шекпеген жөн, спортпен жиі шұғылданып, күйзелісті жеңе білуді үйрену керек. 


Дәрігер Тодд Кохтың айтуынша, күйзеліс - адамның өз жасынан үлкен көрінуіне әкелетін себептердің бірі. Себебі оның салдарынан тері жасушалары бұзылып, нәтижесінде ол тонусы мен иілгіштігін жоғалтады. Күйзеліспен күресте мамандар спортпен шұғылдануға және адамның өзіне көбірек күтім жасауына шақырады. 


Дәрігер Клэр Чан ультракүлгін сәулесінің шектен тыс әсері тері жамылғысының зақымдалуына, меланиннің көп бөлінуіне және шамадан тыс пигменттенуге әкелетінін еске салды. Одан бөлек, күн сәулесі терінің ерте қартаюына да әкелуі мүмкін. Чан теріні күннен қорғауды барынша ертерек қолға алуға кеңес берді. Жас күніңізден теріңізді күтсеңіз, бұл жас қалпыңызды сақтауға мүмкіндік береді. 



Питтсбург университетінің ғылыми қызметкері Адам Барсук мынаған назар аударды: егер адамның тамақ рационында қант мөлшері көп болса, жартылай фабрикат өнімдері, фастфуд және алкоголь болса, қартаю процесі тезірек жүреді. Дәрігер зат алмасу процесін қалпына келтіру үшін жемістер мен көкөністерді, жаңғақтар мен бұршақты көбірек жеу керектігін еске салды. Себебі олардың құрамында антиоксиданттар бар.


Ал дерматолог Донна Харт темекінің зияны туралы айтты. Шылым тарту да теріге тікелей әсер етеді. Табак өнімдері адам терісінің өз түсін жоғалтуына, құрғақтыққа және терінің босауына әкеледі.


"Темекіні қойған адамда бірнеше айдың ішінде С дәрумені бөлініп, коллагендер да қалыпқа келе бастай . Терең емес әжімдер бұдан кейін өздігінен жойылады", - деп атап өтті Харт. 


Денеге арналған шынықтыру жаттығуларын үнемі жасау да ағзаны жасартуға әкеледі. Дерматолог Дэвид Бэнкстің айтуынша, денеге түскен күш кислород пен дәрумендердің адамның дене мүшелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік береді. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тері #жас көріну #дәрігерлер кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі