Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері...

«Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Өмір-өзен 01.12.2022, 16:30 1,860
«Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Суреттер: Google.com

Бүгін елордада Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды.


Ашық көрсетілімге тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Деректі фильмде Тибет, Үндістан мен Пәкістан арқылы өтіп, Түркиядан пана тапқан қандастар тағдыры, ұлт тарихындағы ең ұзақ саналатын қазақ көшінің тарихы баяндалады. Фильм авторы – Азат Рыстанбек.


Берері мол, тағылымы зор тарихи картинаны «Отандастар қорының» ұсынысы бойынша «Qazaqstan» ұлттық арнасының шығармашылық тобы қазақтар қалың шоғырланған Түркия аймақтарында түсірген.


Ұлтымыздың тамыры терең тарихын жаңғыртып, ата-бабалар рухына тағзым еткен тартымды хабар барысында азаттық аңсап, Алтайдан Анадолыға ауған 20 мың қазақтың көшіп-қонған18 жылда шеккен азабы мен көзсіз ерлікпен еңсерген 20 мың шақырымдық жолы көзі тірі куәгерлердің ескірмейтін естеліктері арқылы әсерлі жеткізілген.


Сонымен қатар деректі фильмде түрік ғалымдарының құнды тарихи зерттеулері де орайлы орнын тапқан.


Гималайдың құзы мен жарын асып, жанкешті қайсарлықпен арып-ашып, ақыр аяғында 1952 жылы Түркияға әупірімдеп жеткен 1852 қазақтың Анадолы жеріндегі жаңа ортаға бейімделуі, өсіп-өркендеу жолы және тап қазіргі таңдағы жай-күйі - басты тақырыпқа тамызық болған.


Шығармашылық топ түсірілім барысында қазақтар алғаш қоныстанған Ыстанбұлдың Зейтінбұрны және Бағжылар ауданына, Ниде аймағындағы Алтай ауылына және Анкара, Измир, Салихлы қалаларына барып, түрік жеріне алғаш қоныстанған қандастар, көш куәгерлері Зылиха Қамзақызы, Қалия Әділбекқызы, Арыстан Шәдетұлы, Мансұр Тәйжі және олардың ұрпақтарымен тілдесіп қайтқан.



«Жалпы, фильмді түсірудегі мақсатымыз – кейінгі буынға ұлт тарихындағы ең ұзақ, ең азапты көштің мәнін түсіндіру болды. Қиын замандардан өтіп, жат жерде тұрақтауға мәжбүр болған қандастарымыз арада қанша жылдар өтсе де, әлі күнге дейін елді, туған жерді ұмытпай келеді. Атамекенін аңсаған қандастарға біздің де қамқорлығымыз, ілтипатымыз зор. Әрине, сол заманның ауыртпалығын да, біздің қандастарымызға деген құрметімізді де бір фильмге сыйғызу мүмкін емес. Мұндай жобалар алдағы уақытта жалғасын табады. Бүгінгі фильм де ұлт тарихындағы айтулы көштің 70 жылдығынан бөлек, екі ел арасындағы байланыстың 30 жылдығына арналып отыр», - деді шараның ашылуында «Қазақстан» ұлттық арнасының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.



Деректі фильмнің телевизиялық нұсқасы «Qazaqstan» арнасынан Тәуелсіздік күні қарсаңында эфирге шығады.


Айта кетейік, 26 қараша күні Түркияның Ыстанбұл қаласында «Алтайдан Анадолыға: Азаттық аңсаған қазақ көші» атты деректі фильмнің түрік тіліндегі тұсаукесері өткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтай #Анадолы #Тұсаукесер #деректі фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

“Наурыз қазақтың мейрамы емес”. Полиция діни алауыздық тудырған ер адамға қылмыстық іс қозғады

Бүгін 16:06

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика