AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданындағы Сәкен Сейфуллин атын...

Алматының Түрксіб ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы сквер жаңа кейіпке енді

Алматы 27.07.2026, 12:51 356
Алматының Түрксіб ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы сквер жаңа кейіпке енді

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен, көріктендіру жұмыстары және қалалық ортаны дамыту бағытындағы жұмыстармен таныстыруға арналған аудан әкімдерінің қатысуымен өтетін көшпелі баспасөз турларын жалғастырып келеді.

Бүгін БАҚ өкілдері Алматының Түрксіб ауданына барып, аумақты кешенді дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалармен танысты. Баспасөз турына Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежанов қатысып, журналистерге атқарылған жұмыстардың нәтижесі, ауданды дамытудың басым бағыттары және биылғы жоспарлар туралы айтты.

Баспасөз турының негізгі нысандарының бірі Шолохов көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы сквер болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне демеушілердің қаражатымен жүзеге асырылған қоғамдық кеңістікті ауқымды көріктендіру жұмыстарының нәтижесі таныстырылды.

«Сәкен Сейфуллин атындағы сквер – Түрксіб ауданындағы маңызды қоғамдық кеңістіктердің бірі. Биыл мұнда аумағы 1,7 гектарды қамтитын кең көлемді көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сквердің келбеті айтарлықтай жаңарып, тұрғындардың серуендеуі мен демалуына қолайлы әрі тартымды орынға айналды. Алдағы уақытта да ауданның қоғамдық кеңістіктерін күтіп ұстау мен дамытуға ерекше көңіл бөліп, қала тұрғындары үшін жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежанов.

Журналистерге скверді көркейту және гүлмен көгалдандыру жұмыстары биылғы мамыр айында басталып, белгіленген мерзімде аяқталғаны айтылды. Қоғамдық кеңістіктің жалпы аумағы 1,7 гектар болады. Оның ішінде гүлмен көмкерілген алқаптың көлемі 3,2 мың шаршы метрге жетті.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері ауданның ең көрікті гүлзарларының біріне айналған сквердің жаңарған келбетін тамашалады. Мұнда барқытгүл, сальвия, целозия, шырайгүл, қазтамақ және үлпек сияқты түрлі гүлдердің шамамен 150 мың түбі егілген. Сонымен қатар қоғамдық кеңістіктің жасыл қоры тобылғы, астильба, сәлбен, бөденешөп және нивяник секілді көпжылдық сәндік өсімдіктер мен бұталармен толықтырылды.

Баспасөз турына қатысушыларға көгалдандыру жұмыстары, өсімдіктерді іріктеу ерекшеліктері және аумақты күтіп ұстау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым жасыл желектерге кешенді күтім жасауда. Оның аясында тұрақты суару, арамшөпті жұлу, топырақты қопсыту, тыңайтқыш енгізу, аумақты санитарлық тазалау және қажет болған жағдайда өсімдіктерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастыратын көшпелі баспасөз турлары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ақпаратты алғашқы дереккөзден алуға, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін объективті бағалауға және мегаполис тұрғындарын қалалық инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Бүгін 17:37

Республика күніне зияткерлік сый: Алматы мектебінің 13 оқушысы SAT-тан жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 15:02

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Бүгін 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:35

Алматы қаласында үлкен мерекелік OPEN AIR концерті өтеді

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);