AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мың...

Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам тұрғын қатысты

Алматы 11.04.2026, 12:19 531
Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам тұрғын қатысты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Желтоқсан» саябағында 2 мыңға жуық адамның қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға аудан тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері белсенді түрде қатысты.

«Қатысушылар саябақ аумағын тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сондай-ақ коммуналдық техника жұмылдырылды», — деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әміров.

Сенбілік барысында қоқыс жиналып, құрғақ шөптер мен бұтақтар тазартылды, ағаштар әктеліп, жасыл желектерге күтім жасалды. Жүргінші жолдары мен демалыс аймақтары ретке келтірілді.

Қалдықтарды шығару үшін 20 жүк көлігі мен 10 тиегіш техника тартылды.

Сенбілікке қатысқан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Рамазанов мұндай іс-шаралардың маңызын атап өтті: «“Таза Қазақстан” науқаны аясында осындай маңызды іс-шаралар өткізіліп келеді. “Бірлік бар жерде — тірлік бар” демекші, әрқайсымыз қаланың тазалығын сақтауға үлес қосуымыз қажет. Әсіресе жастардың экологиялық мәдениетінің жоғары болуы қуантады».

Жергілікті тұрғын Гүлнафиз Сарыбаева да бастаманы қолдап: «Жасымызға қарамастан, жастарға үлгі болу үшін осындай сенбіліктерге қатысуға тырысамыз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке болсын», — деді.

Сенбілік қорытындысы бойынша саябақ аумағы толықтай ретке келтірілді. Көріктендіу және санитарлық тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);