конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюдже...

Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді

Алматы Бүгін 12:58 43
Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді

Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Жахангер көшесіндегі №14 үйдің ауласында жалпы құны 63 миллион теңге болатын кешенді көркейту жұмыстары аяқталды. Нысан бүгін Түрксіб ауданы әкімдігі мен Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында журналистерге таныстырылды.

Көріктендіру барысында аумақ толықтай жаңартылды. Жер телімі тегістеліп, сыртқы жарықтандыру орнатылды, кеспетас пен асфальтбетон төселді. Сонымен қатар шағын сәулет нысандары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, пергола, жаңа теннис үстелі мен қоршаулар қойылып, жасыл желек санитарлық мақсатта кесілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаңартылған аула бүгінде барлық жастағы тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған.

«Кешкісін осында жиналамыз. Әжелер де, жас аналар да балаларымен, жақындарымен келеді. Шынымды айтсам, өзімізді қаланың дәл орталығында тұрғандай сезінеміз, тіпті одан да жақсы. Нағыз саябақта отырғандай демаламыз. Мен ғана емес, көшеміздің барлық тұрғыны бұл өзгерістерге дән риза», – дейді Түрксіб ауданының тұрғыны Сара Муталханова.

Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежановтың айтуынша, көркейту жұмыстары тұрғындардың ұсыныс-пікірі ескеріле отырып жүргізілген.

«Бұрын бұл жерде мұндай заманауи алаң болмаған. Ескі теннис үстелі әбден тозып, ауыстыруды қажет ететін. Қазір жаңасы орнатылды. Тұрғындар өте риза», – деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, жаңа қоғамдық кеңістік бүгінде тұрғындар үшін сұранысқа ие демалыс орнына айналды.

«Кешкі уақытта мұнда балалар ойнайды, ересектер үстел теннисін ойнайды. Алаң үнемі пайдаланылып келеді. Біздің мақсатымыз да – ауланы тұрғындарға жайлы кеңістікке айналдыру еді», – деп толықтырды Дамир Әкежанов.

Қазіргі уақытта нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Жаңа демалыс аймағы тұрғындар үшін ашық және күн сайын серуендеуге, демалуға, араласуға әрі белсенді уақыт өткізуге пайдаланылып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы сквер жаңа кейіпке енді

Бүгін 12:51

Алматы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшбасшы мәртебесін сақтап келеді

Бүгін 11:19

Әлемнің үздік цирк артистері Алматы манежінде: IV Almaty Circus Festival жеңімпаздары анықталды

Бүгін 10:13

Алматының Жетісу ауданында 8 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып жатыр

Бүгін 09:31

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);