AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде т...

Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Әлем Бүгін 14:13 41
Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Алматы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 4-6 қыркүйек аралығында өтіп жатқан MATTA Fair халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биылғы көрмеге 285 компания қатысып, 2 мыңнан астам стенд қойылған. Ұйымдастырушылар іс-шараға шамамен 200 мың адам келеді деп отыр.

Алматы көрмеде Visit Almaty арнайы стенді арқылы таныстырылып жатыр. Келушілер қаладағы туристік бағыттармен, тау мен табиғат аясындағы демалыс орындарымен, мәдени нысандармен, ұлттық және заманауи гастрономиямен, сондай-ақ туристерге арналған инфрақұрылыммен таныса алады.

Экспозицияда Алматының басты ерекшелігі қаланың заманауи мүмкіндіктері мен таулы өлкенің табиғи сұлулығын бір арнада тоғыстыратын туристік әлеуетіне басымдық берілген. Сонымен қатар көрме қонақтарына қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары және Қазақстанның бай мәдени мұрасы таныстырылады.

Көрме аясында «Алматы туризм күндері» арнайы іс-шарасы да өтеді. Онда қаланың туристік әлеуеті, мәдениеті мен гастрономиялық ерекшеліктері кеңінен таныстырылады. Сондай-ақ бұл алаң халықаралық туризм индустриясының өкілдерімен іскерлік байланыс орнатып, жаңа серіктестік бағыттарды талқылауға жол ашады.

Малайзия Алматы үшін болашағы зор туристік нарықтардың бірі. 2025 жылы қалаға Малайзиядан 9 416 турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Олардың 5 242-сі Алматыға іскерлік және кәсіби мақсатпен келіпті. MATTA Fair көрмесіне қатысу Алматының халықаралық туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттырып, жаңа аудиторияның қызығушылығын оятуға және Малайзияның туристік нарығындағы серіктестермен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға аптап ыстық қайта оралады

Бүгін 14:18

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 дерек

Бүгін 11:42

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі тағайындалды

Бүгін 11:29

Қазақстан 300 шақырымдық ат жарысында жеңімпаз болды

Бүгін 11:21

Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);