Алматының тау кластерімен қоса қысқы туризм де дамиды

Алматының тау кластерімен қоса қысқы туризм де дамиды Cурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Президентіміз басым бағыттың бірі қылған туризм мен Алматы тау кластерін дамыту бүгінде қаланың тұрғындары мен қонақтарының арасында тауда демалу мәдениетінің қалыптасуына түркі болып отыр.

Тау шаңғысы мен сноубордқа деген қызығушылықтың артуы, нұсқаушылардың рөлі мен инфрақұрылымның маңызы туралы Shymbulak курортындағы тау шаңғысы мен сноуборд мектебінің жетекшісі Николай Хан Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұқбатында айтып берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

1995 жылдан бері жұмыс істейтін Shymbulak тау шаңғысы мектебі барынша қауіпсіз қызмет құруға бағытталған біртұтас жүйенің бір бөлігі. Николай Ханның айтуынша, былтырдың өзінде мектепте шамамен 30 мың сабақ өтіпті. Қаншама бала мен ересектер білім алған осы уақыттың ішінде. Талай адам тау шаңғысымен де, сноубордпен де алғаш осында танысыпты.  

Мектеп жетекшісінің айтуынша, Алматының тау кластерінің дамуы қысқы демалысты да кісі қызығатындай ете түсуге сеп болады. Инфрақұрылым жақсарып, сырғанау мен оқуға арналған жаңа мүмкіндік пайда болып, соның арқасында белсенді демалысты таңдайтын адамдардың саны да артып келеді.

«Тау шаңғысы спорты қазір жаттығу ғана емес, ол үй-ішіңмен келіп демалатын үлкен хоббиға айналды», — дейді Николай Хан да толықтырып.

Маусымның қызған кезеңінде мектеп күн сайын 300–500 сабақ өтеді. Мұнда оқуға ниет білдірген кез келген адамды қабылдай береді. Балалар үш жастан бастап оқиды, ересектердің жас шамасына шектеу жоқ екен.

«Менің ең жасы үлкен шәкіртім 87 жаста болды, ең кішкентай оқушым — өзімнің қызым, оған алғаш рет 11 айлығында шаңғы тебуді үйреттім. Дұрыстап оқытса, мұны кез келген адам үйреніп кетеді», — дейді.

Мектепте қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сабақтың барлығын нұсқаушылар арнайы дайындалған оқу беткейлерде өткізеді. Денсаулығында кінәраты бар адамдар алдын ала дәрігерге қаралып алуы керек екен.

«Қауіпсіздік бірінші тұруы керек», — дейді Николай Хан.

Оның айтуынша, сырғанауға төселіп, трассада оп-оңай ойқастап жүру үшін 3–5 сабақ жеткілікті екен. Бірақ жоғары деңгейге жету үшін үзбей жаттығу керек. Туристердың саны көбейіп жатқандықтан сөйтпеске амал жоқ. Себебі оқыған адам оқыс оқиғаға тап болып, жарақат алып қалудан аман жүреді.    

Тау кластерінің дамуы білікті нұсқаушыларға деген сұранысты да арттырған. Олардың саны көбейгенімен, сұраныс ілесе алмай жатыр. Сондықтан мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр.  

Николай Хан балаларға, оқушылар мен студенттерге арналған бағдарламалар адамды жастайынан тауға жақын етіп өсіріп, қысқы спорт түріне қызығатындардың санын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.

«Біздің мектептегі сабақ бағасы формат пен оқушының санатына байланысты. Мысалы, балаларға арналған жеке сабақтар 10 мың теңгеден, ересектердікі 15 мың теңгеден басталады. Топтық сабақ арзанырақ. Бір адамға 8 мың теңгеден. Әдетте құрал-жабдық сабақтың бағасына кірмейді, курорттағы жалға беру орындарынан бөлек алынады. Мектепте балалар мен жасөспірімдерді тау шаңғысы спортына тартуға бағытталған әлеуметтік, мектептік және топтық бағдарламалар да бар. Бұлардың форматы мен шарты маусымға байланысты өзгеруі мүмкін», — деп түсіндірді Николай Хан.

Алдағы 5–10 жылда Алматыдағы тау кластерінің дамуы Shymbulak-ты халықаралық деңгейдегі курортқа айналдырып, Қазақстандағы тау шаңғысы спортын бұқаралық спортқа айналдыруы тиіс.

«Дамыған инфрақұрылым мен кәсіби нұсқаушылар — туризмнің тұрақты дамуына негіз болатын үлкен фактор», — деп түйіндеді сөзін Николай Хан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:27

12:12

11:55

11:54

11:27

11:22

10:58

10:50

10:30

10:16

10:09

09:51

09:41

09:06

08:43

08:26

08:13

16:20

14:40

12:49

12:16

11:42

11:15

10:55

09:50