AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас талантт...

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Мәдени Алматы Бүгін 17:29 45 yakiya
Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды
Алматы әкімдігі

Алматыда 2026 жылы 1-5 маусым аралығында қала әкімдігінің қолдауымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында XXVIII халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Биыл халықаралық байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Армения, Грузия, Болгария, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Қытайдан келген жас өнерпаздар қатысты. 700-ден астам қатысушы вокал, хореография, сән театры, халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша шеберлік көрсетіп, бақ сынады.

Қазылар алқасының құрамына мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Польша, Қытай, Болгария, Грузия және Армениядан келген мамандар енді.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға Гран-при, сондай-ақ әр аталым мен жас ерекшелігі бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды.

Вокал аталымы бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – Әділ Бектұрсын, Алматы қаласы;

орта топ – Нұрай Маратова, Алматы қаласы;

ересек топ – Виктория Илиева, Пловдив қаласы, Болгария Республикасы;

кәсіби топ – Мархабат Мұрадәлі, Қарағанды қаласы.

Халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – Әли Асқар Еркінұлы, Алматы қаласы;

ересек топ – Әл-Азиза Ғалымжан, Алматы қаласы;

ересек топ – Ваге Назаретян, Ереван қаласы, Армения Республикасы.

Хореография және сән театры аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – «Жас Өркен» би ансамблі, Алматы қаласы;

орта топ – «Тұмарханым» халық биі студиясы, Алматы қаласы;

ересек топ – «Ару Арал» би ұжымы, Арал ауданы, Қызылорда облысы;

ересек топ – «Керім-ай» сән театры, Алматы қаласы.

«Бозторғай» байқауы – жас таланттардың халықаралық шығармашылық кеңістікте танылуға бастар алғашқы қадамы. Бұл шығармашылық алаң жыл сайын жүздеген баланың өнерге деген сүйіспеншілігін, достық пен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын біріктіріп, жаңа белестерге жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37

Темір торға жетелейтін оңай табыс: жасөспірімдерді есірткі бизнесіне қалай тартады?

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);