Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматының медициналық мекемелері ковидтік стациона...

Алматының медициналық мекемелері ковидтік стационарларға қайта бейіндеуге дайын

Медицина 28.06.2021, 19:07 1,480
Алматының медициналық мекемелері ковидтік стационарларға қайта бейіндеуге дайын
Сурет: Openmedia.io

Мегаполистің медициналық мекемелері пандемияның үш кезеңіне де дайын.


Бүгінде Алматыда ковидтік ауруханаларда 700-ге жуық адам емделуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев эпидемиялық ахуал нашарласа, онда қалада 10 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігімен 4 мыңға жуық төсек-орын дайындалғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нариман Табынбаевтың айтуынша, өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияның 215 жағдайы тіркелген. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал 186 тұрғында ауру белгілері бар, қалғандары симптомсыз. Бүгінде дәрігерлердің бақылауында 1 196 науқас бар.


Оның мәліетінше, мегаполистің медициналық мекемелері пандемияның үш кезеңіне де дайын. Қалада денсаулық сақтау жүйесінің резервтері қызмет атқарады, стационарларда науқастардың шамадан тыс толуы болмайды.



 «Біз індетпен күресуге дайынбыз. Жүйенің қуаты жеткілікті. 4 600-ден астам медицина қызметкері ковидтік ауруханаға жұмысқа шығуға дайын, түрлі жағдай кезінде 200-ден астам жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Мысалы, бүгінде стационарларда 3 700 төсек-орынды, қолайсыз жағдайда 6 000 төсек-орынды, өте қолайсыз жағдайда 10 000 төсек-орынды орналастыруға дайынбыз», - деді Нариман Табынбаев.



Бұдан өзге, егер жағдай ушығатын болса, онда мобильді бригадалар саны екі есеге артатын болады. Сондай-ақ CALL-орталықтарының операторларының санын екі есеге арттыру жоспарланып отыр. ҚДБ-ның басшысы ведомствоның коронавирусқа қарсы күресті тоқтатпағанын атап өтті. Ауруханалар мен емханалар дәрі-дәрмектермен және медициналық техникамен жеткілікті көлемде жабдықталған.


Ауруханалар мен стационарлардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін ҚДБ басшысы халықты вакциналануға шақырды. Нариман Табынбаевтың айтуынша, бүгінде 428 532 адам екпе алды. 60 жастан жоғары екпе алған адамдар 69 644 адамды құрайды. Вакцина науқаны жалғасуда. Вакцинаны қаланың 208 екпе пунктінің бірінен алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Онлайн-обучение #Казахстан #Минтруда #COVID-19 #Алматы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика