AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Медеу ауданында 16 аула аумағы жаңартылы...

Алматының Медеу ауданында 16 аула аумағы жаңартылып жатыр

Алматы Бүгін 12:33 37

Жаңарту кезінде аумақтардың қауіпсіздігі мен қолайлылығына баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Медеу ауданында аула аумақтарын көркейту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Биыл тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 16 аула аумағын жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында мына мекенжайлар бойынша 6 жоба қолға алынған:

  • Мақатаев көшесі, 53 – Пушкин көшесі, 35;

  • Достық көшесі, 47 – Қабанбай батыр көшесі, 65;

  • Думан-2 шағынауданы, №25-26 және №29-30 үйлер;

  • Қонаев көшесі, 4 – Уәлиханов көшесі, 9;

  • Нүсіпбеков көшесі, 10;

  • Қалдаяқов көшесі, 49 және 51 – үй маңында қоршау орнату.

Жаңарту кезінде балалар мен тұрғындар жиі пайдаланатын аумақтардың қауіпсіздігі мен қолайлылығына баса назар аударылып отыр. Мәселен, Думан-2 шағынауданындағы №25-26 және №29-30 үйлердің ауласындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Балалар алаңындағы резеңке жабын толық жаңартылып, жаңа ойын құрылымдары орнатылды. Орындықтар жөнделіп, аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршау қойылды.

Аула аумақтарын ағымдағы жөндеу аясында тағы 10 жоба жүзеге асырылып жатыр:

  • Самал-1 шағынауданы, №37-40 үйлер;

  • Достық көшесі, 294/2;

  • Сәтбаев көшесі, 10;

  • Зенков көшесі, 86;

  • Назарбаев даңғылы, 48;

  • Құлжа тас жолы, 2А;

  • Янушкевич көшесі, 18/16;

  • Потанин көшесі, 6;

  • Қонаев көшесі, 110;

  • Қажымұқан көшесі, 16/1.

Жөндеу барысында балалар алаңдары, жабындар, орындықтар, қоршаулар және басқа да көркейту элементтері жаңартылып, ретке келтіріледі. Негізгі мақсат – аулалардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балада сирек асқыну анықталды

Бүгін 13:12

Қазақстандықтар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде 12 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 12:57

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Бүгін 12:44

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Бүгін 12:15

Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);