Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының жаңа Бас жоспарында бес полиорталықтың к...

Алматының жаңа Бас жоспарында бес полиорталықтың көлік байланысы күшейтілді

Барлығы 25.12.2025, 16:38 404
Алматының жаңа Бас жоспарында бес полиорталықтың көлік байланысы күшейтілді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының полиорталықты дамуы мегаполистегі көптеген мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Бас жоспарды түзету жобасы бойынша өткен қоғамдық талқылау барысында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Асхат Сәдуов айтты.

Алматыны 2040 жылға дейін дамытуға арналған Бас жоспар жобасына сәйкес, қалада «Тарихи орталық», «Шығыс қақпасы», «Батыс», «Оңтүстік-батыс» және «Солтүстік» сынды бес ірі полиорталық құру көзделген. 

Спикердің айтуынша, бұл полиорталықтарда қала тұрғындары сауда жасау, бос уақытты тиімді өткізу және т.б. орталықтағыдай қызмет ала алады. Сонымен қатар, осы полиорталықтардың өзара тығыз байланыста болуы маңызды.

«Бүкілқалалық біртұтас жүйеге айналдыру үшін бес полиорталықты біріктіру керек», – деді Асхат Сәдуов.

Алматыны полиорталықты дамыту стратегиясы аясында метро желісін әуежай мен Алатау қаласына дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, спикер ЛРТ желісін дамыту жоспары жайлы айтты. Алдын ала жоспар бойынша жеңіл рельсті трамвай желісі болашақтағы «Барлық» метро бекетінен Төле би көшесі арқылы «Алматы-II» теміржол вокзалына дейін жетеді. Одан әрі ЛРТ желісі Райымбек даңғылы бойымен «Шығыс қақпасы» бағытына жалғасады. Кейін ЛРТ желісі оңтүстікке қарай тартылады. 

Еске сала кетейік, Алматыда 2040 жылға дейінгі қала дамуын айқындайтын Бас жоспарды түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында отбасының көлігі батпаққа батып, жолда қалған

Бүгін 08:46

Жаңбыр мен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Кеше 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Кеше 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика