AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен...

Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті

Заң мен тəртіп 02.09.2026, 15:24 353
Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті
Polisia.kz

Оларды алғашқы оқу күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Білім күні Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияға барып, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты жиында қала полициясының басшысы оқушыларға ақ тілегін айтып, білім алуда табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамалар тіледі.

– Бүгін – әрбір оқушы үшін ерекше күн. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Дәл осы жерде үлкен армандар басталып, алғашқы достар табылып, баланың мінезі қалыптасады. Сіздерге білімді қызығушылықпен меңгеріп, алдарыңызға биік мақсаттар қойып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте сақтауды тілеймін. Ал біз, ересектер, мектептегі жылдарыңыздың қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін бар күшімізді саламыз, – деді Айдын Кабдулдинов.

Полиция департаментінің бастығы мерекенің ең кішкентай қатысушылары – бірінші сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлді. Салтанатты жиыннан кейін ол бүлдіршіндердің сыныбына барып, оларды алғашқы оқу күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірінші сынып оқушыларына қауіпсіздік тақырыбында қысқаша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балаларға жолдағы жүріп-тұру ережелері, көшеде сақ болудың маңызы және қауіп төнген жағдайда кімнен және қайда көмек сұрау керектігі түсіндірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2027 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

Бүгін 16:15

Смарт-сағаттар мен құлаққап арқылы денсаулықты бақылауға болады

Бүгін 14:13

Мұхтар Әуезов театры Үндістанда «Қыз Жібекті» сахналады

Бүгін 11:58

Шымбұлақта Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді

Бүгін 11:02

Жексенбіге арналған ауа райы мәліметі

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);