Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Бас жоспары қаланы желдетуді жақсартуды...

Алматының Бас жоспары қаланы желдетуді жақсартуды көздейтін іс-шараларды қамтыды

Барлығы 26.11.2025, 17:35 410
Алматының Бас жоспары қаланы желдетуді жақсартуды көздейтін іс-шараларды қамтыды
Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов осылай деді.

Қаладағы ауаны жақсарту үшін Бас жоспарда қандай іс-шаралар қарастырылғаны туралы сұраққа жауап бере отырып, ол тау аймағында қалыптасатын және қаланың микроклиматына әсер ететін желдің өтіне кешенді зерттеулер жүргізілгенін атап өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Дерекке қарағанда, жел көбіне солтүстік–солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соғады. Әсіресе қыз кезінде бұл бағыттан желдің соғуы үдей түседі. Осы анықталған заңдылықтарды ескеріп, Бас жоспарда қалалық ортаның табиғи желдетілу деңгейін арттыруға бағытталған қаладағы құрылысқа қатысты біраз шешім қолға алынғалы отыр», - дейді спикер.

Олардың қатарында:
•    Қаланың табиғи желдетілуін күшейту үшін көше-жол желісі мен қаладағы үйлерді желдің негізгі бағытына ыңғайлап құру;
•    Қаланың жоғарғы және орталық бөліктерінде қалыптасатын ауа ағындарының негізгі жоғары-төмен қозғалысын қамтамасыз ететін аймақтарда ретсіз биік құрылысқа шектеу қою;
•    Зиянды қоспалардың таралу жылдамдығын айтарлықтай төмендететін шамадан тыс тығыз құрылысты азайту;
•    Қалалық кеңістіктердің еркін желдетіліп, ауа массаларының еркін өтуіне мүмкіндік беретін ғимараттардың кеңістіктік-көлемдік құрылымын қалыптастыру;
•    Табиғи желдің ағынын көшелер мен кварталдарға бағыттайтын сәулеттік шешімдер әзірлеу.

Аталған іс-шараларды іске асыру қаланың табиғи желдетілуін айтарлықтай жақсартып, ауаның сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #желдету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика