Алматының Әуезов ауданында бизнес нысандарынан шығатын зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматының Әуезов ауданында қала әкімінің атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты.
Экология және қоршаған орта басқармасымен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша 79 қоғамдық тамақтану орнының 39-ында гидрофильтрлер орнатылғаны анықталды. 8 монша кешенінің 7-еуі газбен жылыту жүйесіне көшкен. Ал 22 техникалық қызмет көрсету станциясының 17-сі газбен жылытылады.
Қатты және сұйық отынды пайдаланатын нысандардың басшыларымен газға немесе электрмен жылыту жүйесіне көшу, сондай-ақ Алматы қаласының көріктендіру қағидалары мен Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.