AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттаны...

Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Алматы Бүгін 16:02 51
Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Әуезов ауданында қазан айының соңына дейін 11 көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеп, 10 аулаға күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа Qadam саябағын ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар ауданда тұрғын үй қорын жаңарту жұмысы да жалғасын тауып, Жұбанов көшесінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Абзал Егембердиев осы жұмыстың аяқ алысы туралы айтып берді.

Ауданда 1 917 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 797-сі 1960–1970 жылы салынған. Аудан басшысының айтуынша, қазір Абай даңғылының бойындағы 11 үйдің қасбеті қоса жөнделіп жатыр екен.

«2023–2029 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында 2026 жылға 40 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен инженерлік желісіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі пысықталды. Тағы 19 үйде лифті ауыстыру жағын да қоса қарастырдық. Бұл жұмыс негізгі конструкциялары мен коммуникацияларын жаңартуды қажет ететін үйлерді қамтиды», – деп баяндады аудан әкімі Абзал Егембердиев.

№5 шағын аудан мен Ақсай-4 ықшам ауданындағы 10 аула аумағына күрделі жөндеу жұмысы қыркүйек айында басталды. Жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды ойластырып отыр.

«Биыл 135 аула ішінара жөнделді. Футбол мен баскетбол алаңының қоршауы мен жабындары, балалар мен спорт алаңының жабыны жөнделіп, шағын сәулет нысандары орнатылды. Бұл ауданның әр бөлігіндегі аулаларды кезең-кезеңімен ретке келтіруге мүмкіндік береді», – дейді аудан әкімі.

Аяқталған жобаның бірі – құны 2,603 млрд теңгені құраған Жұбанов көшесін абаттандыру жұмысы. Мұнда балалар мен спорт алаңы жаңартылып, көше жиһаздары орнатылды, жарықтандыру тіректері ауыстырылып, жаңалары қойылды. Сондай-ақ жасыл желектер егілі, автоматты суару жүйесі қойылды.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша тағы 29 жоба жүзеге асырылды. Оның алтауы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, тағы 23-і аула аумақтарын жаңартуға бағытталған.

«Qadam саябағы Сайын мен Ұлықбек көшесінің қиылысында, аумағы 0,35 гектар болатын бұрынғы автотұрақтың орнында салынып жатыр. Мұнда түрлі табиғи жабындардан тұратын тактильді аллея, балалар алаңы, жүгіру жолы, сырғанау мен паркур аймақтары, серуендеуге арналған кеңістік пен көгалдандыру жағы қарастырылған. Орталық элемент ретінде субұрқағы, жарықтандырылуы және “Болашаққа қадам” деген жазуы бар аркалы композиция орнатылады», – деп толықтырды сөзін Абзал Егембердиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті

Бүгін 16:31

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Бүгін 16:15

Алматының Әуезов ауданы әлеуметтік қолдауға 3,9 млрд теңге бөлді

Бүгін 16:05

Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 16:04

Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр

Бүгін 15:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);