Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Алматылықтар санаққа онлайн форматта қатыса алады

Алматылықтар санаққа онлайн форматта қатыса алады

Нарық 02.06.2021, 12:41 2,266
Алматылықтар санаққа онлайн форматта қатыса алады
Сурет: Aprk.kz

Онлайн санақтың қалай өтізілетіні туралы айтып берген Айдар Әбілдабеков 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі санақта интернет-ресурстар арқылы санақтың онлайн режимінде өтуіне байланысты sanaq.gov.kz, е-gov.kz арқылы қол жеткізу тәулік бойы қамтамасыз етіледі деді.


 «Санақшылар үйлерді аралайды, олардың әрқайсысында деректерді жинау мен өңдеуді тездететін электронды планшет болады. Бұл адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, ЖСН қолдану арқылы анықтық деңгейін арттыруға және ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді», - деп нақтылады Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Еске салсақ, бұған дейін екі санақ өтті – 1999 жылы (14,98 млн қазақстандық) және 2009 жылы (16 млн).


 Биыл санақты өткізу үшін шарттық негізде аудан, учаске бойынша уәкілдер, нұсқаушы-бақылаушылар, тіркеушілер мен интервьюерлер ретінде барлығы 3412 адам қатысады.


 Халық санағының дайындық кезеңіне 1-30 маусым аралығында Алматы қаласы бойынша 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеуші қатысады. Интервьюерлер адамдардың мекенжайы мен санын нақтылау үшін барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралайды.



 «Интервьюерде тиісті мөрмен расталған куәлік, айналып өтуге жататын объектілердің тізімі бар мобильді қосымшасы бар планшет, сондай-ақ 2021 жылғы Ұлттық санақтың символы бар көк түсті бөкебай пен портфель болады. Интервьюер туралы қосымша ақпаратты sanaq.gov.kz сайтынан білуге болады. Онда республика бойынша интервьюердің тегі, аты, әкесінің аты мен оның куәлігінің нөмірі көрсетілген тізім жарияланады», – деп хабарлады Айдар Әбілдабеков.



 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі санақта негізгі екпін мамандандырылған интернет-ресурстар арқылы санақтың онлайн режимінде өтуіне байланысты sanaq.gov.kz, е-gov.kz арқылы қол жеткізу тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Осылайша санақ барлығына ыңғайлы болады. Бұл дегеніміз – қала тұрғындары қай жерде орналасқанына қарамастан, өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра отырып, процедурадан өз бетінше өте алады. Сонымен қатар, өз бетінше өткен әрбір адам телефонға SMS-хабарлама алады, бұл оның санаққа қатысуын растайды.


 Дәстүрлі жаппай аралау 1-30 қазан аралығында санитарлық нормаларды сақтай отырып, онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында өткізілетін болады.


 Планшеттерге мобильді қосымшалар жүктеледі, оның көмегімен интервьюер жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана отырып, салынған барлық арифметикалық-логикалық бақылауларды ескеріп,сауалнама жүргізеді. Алынған мәліметтер тікелей жалпы мәліметтер базасына жіберіледі. Деректер заңнама талаптарына сай құпия болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Алматы #перепись #санақ #халық #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Бүгін 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі