Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 272 бұзушылығы анықталды, оның ішінде жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 110 өрескел бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Анықталған бұзушылықтардың қатарында:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 5;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 2;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 2;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 7;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 52;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 25;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 17.
Сонымен қатар, 10 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.
Дереккөз: Алматы қаласының прокуратурасы