конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы ке...

Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын салды

Спорт 27.04.2026, 10:45 312
Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын салды

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байрақты бәсеке қорытындысында Қазақстан ұлттық құрамасы 7 жүлдеге жеңіп алды: 3 алтын, 1 күміс, 3 қола.

Турнирдің басты қаһармандарының бірі – алматылық былғары қолғап шебері Виктория Графеева. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль еншіледі. Финалдық айқаста ол Бразилияның қазіргі әлем чемпионын айқын басымдықпен жеңіп, жоғары деңгейдегі дайындығын, тактикалық сауаттылығын және жекпе-жекті толық бақылауда ұстай білетін шеберлігін паш етті.

Ұлттық құраманың жүлде қоржыны тағы бір медальмен толықты. Алматылық Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда ол Қытай спортшысымен болған тартысты кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Алматылық спортшылардың табысты өнер көрсетуі ұлттық құраманың жалпы жетістігіне үлес қосып, олардың әлемдік додаларда бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңі маусым айында Қытайда өтсе, жарыс сериясының қорытынды бәсекесі Ташкентте ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Бүгін 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Бүгін 14:46

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Бүгін 11:46

Маңғыстаудың жер асты мешіттері: жаһандық мойындау және жаңа жауапкершілік

Бүгін 11:19

«Өрімдей жастар құрбан болып жатыр». Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға шақырды

Бүгін 10:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);