AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық цирктегі жаңа жыл сиқыры: CHRISTMAS STAR...

Алматылық цирктегі жаңа жыл сиқыры: CHRISTMAS STARS

Барлығы 19.12.2025, 15:35 429
Алматылық цирктегі жаңа жыл сиқыры: CHRISTMAS STARS
Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін Алматы циркі қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа жылдық көңіл-күйге бөлейтін «CHRISTMAS STARS» атты мерекелік шоу-премьераны тамашалауға шақырады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл ерекше бағдарлама қысқы маусымның басты оқиғаларының біріне айналып, көрермендерге сиқырға толы әсер сыйламақ.

17 желтоқсан күні аталмыш жобаның алғашқы, қайырымдылық қойылымы өтті.
Оған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арнайы шақырылды. Бұл кеш кішкентай көрермендерге шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлаған нағыз мерекеге айналды.

«CHRISTMAS STARS» - жыл сайын асыға күтетін жаңа жылдық ертегі. Қойылым көрерменді мейірім, достық пен ғажайыптар тоғысқан әсерлі атмосфераға енгізіп, цирк манежін жарық пен әуенге толы мерекелік кеңістікке айналдырады. Бағдарлама ересектер мен балаларға арналған біртұтас сюжетке құрылған.

Шоудың басты бөлімінде дрессурланған экзотикалық құстар мен жануарлар - тотықұстар, шимпанзе, әсем жүрісті аттар, шағын тұқымды иттер және балалардың сүйіктісі аюқызы Яна өнер көрсетеді.

Сонымен қатар көрерменді кәсіби әуе және партер гимнасттары, акробаттар, эквилибристер, жонглёрлер және артистік шеберлігі жоғары орындаушылардың қойылымдары күтеді. Шоудың арнайы қонағы - Мәскеуден келген әйгілі Бо клоун. Ол Монте-Карлода өткен әлемдік деңгейдегі фестивальдің арнайы жүлдегері әрі клоунада өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған өнерпаз.

Қойылымның көркем тұтастығын арнайы дайындалған декорациялар, жарық-инженерлік шешімдер, лазерлік эффектілер, мультимедиялық проекциялар және авторлық костюмдер айшықтай түседі. Заманауи технология мен цирк өнерінің үйлесімі көрерменге визуалды әсердің жаңа деңгейін ұсынады.

«CHRISTMAS STARS» - бұл жаңа жыл қарсаңында бала қиялын қайта оятатын ерекше шоу.

20 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында Алматылық цирк сізді ертегіге толы «CHRISTMAS STARS» қойылымына шақырады. Жаңа жылды циркте қарсы алып, сіз де сиқырдың бір бөлшегіне айналыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк #мерекелік шоу-премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика