AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық шахматшылар ерекше нәтижеге қол жеткізді

Алматылық шахматшылар ерекше нәтижеге қол жеткізді

Спорт 28.01.2025, 17:39 1,364
Алматылық шахматшылар ерекше нәтижеге қол жеткізді
cov.kz

Алматыда 6 жастан 18 жасқа дейінгі шахматшы жастар арасында классикалық, рапид және блиц шахмат бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Турнирге Қазақстанның 17 өңірі мен 3 қаласынан 950 жас шахматшы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Астана қаласының өрендері үздік атанып, 17 алтын медаль жеңіп алды. Оның ішінде классикадан – 6, рапидтен – 5, блицтен – 6 алтын. Сонымен қатар, Алматы, Алматы облысы, Ақтөбе, Түркістан және Павлодар облыстарының шахматшылары да жүлделі орындардан көрінді.

Алматылық шахматшылар ерекше нәтижеге қол жеткізді. 6 жасқа дейінгі жас санатында Макар Чернышов және 12 жасқа дейінгі жас санатында Данис Қуандықұлы шахматтың барлық үш түрі бойынша алтын медаль жеңіп, "абсолютті чемпион" атанды. Бұл жетістікке Алматы облысының шахматшылары Жансая Шолпанбек пен Елназ Қалиахмет те қол жеткізді.

Классикалық шахматтан чемпион атанған жасөспірімдер Грузияның Батуми қаласында өтетін әлем кубогында, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне қарай әлем чемпионаттарында Қазақстанның намысын қорғайды. Екінші орын иегерлері Тайландта өтетін Азия чемпионатына қатысады. Ал жүлделі орындарға ие болған басқа шахматшылар оқушылар арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ Батыс Азия чемпионатына жолдама алды.

Бұл чемпионат Қазақстанда шахматтың қарқынды дамып келе жатқанын және жас таланттардың халықаралық аренада лайықты өнер көрсетуге дайын екенін көрсетті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #юниорлар #Қазақстан чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);