конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматылық қыш шебері көне технологиялардың осы зам...

Алматылық қыш шебері көне технологиялардың осы заманғы өнерді дамытудағы рөлі туралы айтты

Мәдени Алматы 07.07.2026, 12:26 225 yakiya
Алматылық қыш шебері көне технологиялардың осы заманғы өнерді дамытудағы рөлі туралы айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан қолөнершілері күніне арналған баспасөз конференциясы аясында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында суретші-керамист, KClay Pottery Studio шеберханасының негізін қалаушы Сергей Катунцев қолөнер өнерінің дамуы, дәстүрлі технологиялардың маңызы мен қыш өнерінің қазіргі мәдениеттегі орны туралы ой бөлісті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қолөнер қазір ескі мәдениеттің жұрнағы болып қана қоймай, осы заманғы креативті индустриямен де қатарласып дами бастаған. Шебердің өзі он жылдан бері керамикамен айналысып, саздың табиғи қасиеті мен ежелден келе жатқан күйдіру технологиясын зерттеп жүр екен.

«Бірегей туынды жасап қана қоймай, білімімізді жас ұрпаққа жеткізіп, шығармашылыққа шабыттандырып, дәстүр мен қазіргі өнер арасындағы табиғи байланысты сақтап қалу біздің мақсат», – дейді Сергей Катунцев.

Суретші Орталық Азияның көркемдік мұрасы – көне таңбаларға, петроглифтер мен тарихи белгілерге сүйеніп, оларды қазіргі өнердің көзімен жаңаша пайымдауға тырысқан. Шикізатты іріктеуден бастап дайын бұйымды күйдіруге дейінгі өндірісті толық меңгеріп шыққанын айтып отыр.

Шебердің пікірінше, Алматы қазір Орталық Азиядағы қолөнердің жетекші орталығына айналып барады. Қаланың халықаралық деңгейде мойындалуы қазақстандық қолөнер мен өнерді шетелге көбірек танытуға сеп болыпты.

«Шеберлерді қолдап, олардың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу – мәдени мұраны сақтап, қаламыздың шығармашылық келбетін қалыптастыратын жақсы бастама деп есептеймін», – деп түйіндеді сөзін Сергей Катунцев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қолөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 11:15

Испания әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:42

Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Бүгін 10:21

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді

Бүгін 09:55

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);