конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық жас жігіттің көзіне металл сынығы кіріп...

Алматылық жас жігіттің көзіне металл сынығы кіріп кеткен

Медицина 22.01.2024, 07:28 1,529
Алматылық жас жігіттің көзіне металл сынығы кіріп кеткен
Сурет: Youtube.com

Алматылық дәрігерлер  көзіне металл сынығы кірген жас жігіттің көру қабілетін сақтап қалды.  Орталық қалалық клиникалық аурухана мамандары қабылдау бөліміне көз алмасының жарақатымен түскен адам өмірін құтқарды. 


Науқастың айтуы бойынша, жарақатты үй жағдайында алған, жиһазға арналған құрылғының металл скобасы көзіне кіріп кеткен.


Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың айтуынша, бұндай жатақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдалуына (қан құйылу, ісіну, ажырау) әкелуі мүмкін.


Қажетті болған барлық тексерістен кейін дәрігерлер көз ішіне түскен затты шығарып алып жарақат орнын тігу отасын асқан шеберлікпен жасап шықты.



«Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі аталған отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды»,- дейді дәрігер.



Көздің торлы қабатына жасалатын лазерлік коагуляция - торлы қабаттың зақымданған тұсын нүктелік әдіс арқылы лазермен нығайту. Лазер тінді қыздырады, әсер ету орнындағы ақуыз ыдырайды, коагулянттар («желім нүктелері») пайда болады және осылайша мембраналар бір-біріне жабыстырылады.


Осылайша көздің торлы қабығы нығайтылады, зақымданған жердің қан айналымы мен нәрленуі жақсарады, тін арасына сұйықтық өтуінің алды алынады.


Орталық қалалық клиникалық ауруханада мұндай отаны жасау үшін заманауи құрылғылар бар, олар түрлі дәрежедегі көз ауруын емдеуде озық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.



«Көп жағдайда алып тастауды қажет ететін заттар көзге ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, слесарьлық және ағаш заттармен жұмыс істеу кезінде кіреді. Сол себептен де мен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қорғаныш көзілдірігін киюді ұсынамын», - деп қорытындылады дәрігер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көз дәрігері #Көру қабілеті #металл сынығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Алматыда заңсыз сауда орындары жойылып жатыр

Бүгін 14:44

Жазда жұмыстың да өз ырғағы бар

Бүгін 14:31

Алматыда аптап ыстыққа байланысты көшелерге су шашу күшейтіледі

Бүгін 14:14

Алматыда жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

Бүгін 11:51

Алматының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін турист тартуды жоспарлап отыр

Бүгін 11:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);