AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық хирургтер ер адамның аяғын сақтап қалды

Алматылық хирургтер ер адамның аяғын сақтап қалды

Медицина 15.09.2023, 06:13 1,560
Алматылық хирургтер ер адамның аяғын сақтап қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оңтүстік астанадағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр халде 68 жастағы ер адам жеткізілді.


Тексере келе дәрігерлер атеросклероз салдарынан оның аяғындағы күретамырлары зақымданғанын, сандағы күретамырда қан айналысы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар, аяқ тіндеріне мүлде қан бармай қалғандықтан башпайлары жансызданып, гангрена пайда болған пациентке аяқтың 4-деңгейлі ишемиясы деген диагноз қойылды.  
Әдетте, мұндай жағдайлардың 35 процентінде аяқты жамбастан төмен кесіп тастауға тура келсе, 18% жағдайда соңы адам өлімімен аяқталады. Аяғы кесілген пациенттердің 9-21%-і өмірмен қош айтысса, 45%-ы орта есеппен бес-ақ жыл өмір сүреді. Қалған пациенттер өмір бойы мүгедек арбаға таңылады.


Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері инновациялық ота жасап, эндоваскулярлы катетерлік әдіспен перифериялық күретамырлардағы түйіншектерді алып тастады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жасалды.


Жүрек-қан тамырлары ауруларын инновациялық емдеу тәсілі рентгенді ота залында науқасты ұйықтатпай, жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі.



«Бір сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Біз HawkOne аппаратының көмегімен эндоваскулярлы атерэктомия деп аталатын ота жасадық. Бұл операциядан кейін пациент тез айығады, ұзақ уақыт бойы стационарда жатып емделу қажет болмайды. Әлбетте, жаңа құралдар мен қондырғылар жұмысты жеңілдетіп жатыр. Біздің аурухана да заман көшінен қалмай дамып келеді. Бұл адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырып, қан тамырындағы көптеген патологияларды емдеуге көмектеседі», - дейді қан-тамыр хирургі Сұлтан Илиев.



Тамыр іші атерэктомиясы магистральды қан тамырлары атеросклерозбен зақымданған науқастарды емдеудегі ең тиімді тәсілдердің бірі. Ол эндоваскулярлық әдістерді тамырдың тарылған әрі қатты зақымданған тұстарында да пайдалануға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хирург #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика