AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 499 та...

Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 499 тас алды

Медицина 17.04.2025, 16:47 947 Bakyt
Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 499 тас алды
aqshamnews.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық қалалық клиникалық ауруханада 40 жастағы науқастың өт қабынан 5 499 тас алынған. Бұл – отандық медицина тарихында тіркелген ең сирек жағдайлардың бірі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Науқас ауруханаға жедел көрсеткіштер бойынша жеткізілген. Оның негізгі шағымдары – оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, әлсіздік, жүрек айнуы мен жалпы мазасыздық болған. Ультрадыбыстық зерттеу барысында өт қабында өте көп көлемде конкременттер (тастар) анықталып, дәрігерлер лапароскопиялық холецистэктомия (өт қабын алып тастау) жасауға шешім қабылдаған.

Алайда операция нәтижесі тәжірибелі хирургтардың өзін таңғалдырды.

– Біз көп тас болатынын болжадық, бірақ 5 500-ге жуық болады деп ешкім ойлаған жоқ. 20 жылдық тәжірибемде мұндай жағдаймен алғаш рет кездестім, – деді хирургия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Фараби Стамқұлов.

Операцияны жүргізген хирург Ілияс Сағиев те әсерін жасырмады:

– Өт қабы іші тасқа толып тұрған фаршталған бұрыш секілді болды. Мұндай жағдай өмірде бір рет қана кездесетін шығар, – деді ол.

Ота сәтті өтті. Хирургтар мен анестезиологтардың үйлесімді жұмысының арқасында науқас тез есін жиып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлердің айтуынша, өт-тас ауруы көбіне еш белгі бермей, жасырын түрде өтеді. Алайда ауру асқынған жағдайда онкологиялық дертке, ұйқыбездің жансыздануына (панкреонекроз), немесе тіпті өт-тас жыланкөзі (свищ) секілді ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #ота #тас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00

Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын салды

Бүгін 10:45

«Жүрегімде екенсің...»

Бүгін 10:32

Кімнің өмірі маңызды?

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика