AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық дәрігер Іле Алатауында Сингапурдан келге...

Алматылық дәрігер Іле Алатауында Сингапурдан келген альпинист қызды құтқарды

Барлығы 22.07.2025, 09:43 985 Нұржамал Әлішева
Алматылық дәрігер Іле Алатауында Сингапурдан келген альпинист қызды құтқарды
Сурет: aqshamnews.kz

Сингапурлық турист қыз Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Сәтпаев шыңына көтерілген кезде зардап шекті. Бұл туралы Алматы қалалық құтқару қызметінің ресми парақшасында @109_almaty жарияланды.

Сәтпаев шыңы (бұрынғы Советтер шыңы) - Жосалы кезең асуынан солтүстікке қарай 4317 метр биіктікте орналасқан, маңында «Космостанция» ғылыми стансасы бар. Сәтпаев шыңына шығу - күрделілігі 1А санатына жататын, альпинистер жиі баратын бағыт.

Сингапурлық турист қызды іздеп-табу және алғашқы көмек көрсету операциясына Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-ортопеді Константин Морозов қатысты. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, Алматы қалалық альпинизм федерациясының нұсқаушыларымен бірге зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен түсіруді бастады. Кейінірек оны ауруханаға жеткізу үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан өткелге жедел жәрдем бригадасы шақыртылды.

— Сенбі күні Сәтпаев шыңының етегінде жүргенімізде, таудың бір қиын тұсында төтенше жағдай болғаны туралы хабар түсті. Біз Алматы қалалық альпинизм федерациясының нұсқаушыларымен дереу оқиға орнына бет алдық. Зардап шеккен адам мореналық жартастан сырғып құлаған екен. Жағдайын бағалап, қанды тоқтатып, жарасын таңдық, содан соң оны базалық лагерьге түсірдік. Диагнозы: жабық бас-ми жарақаты, маңдай-самайында соғылған жара және қолдың көптеген жаралары. Жағдайы тұрақты болды. Оны ТЖМ қызметкерлеріне тапсырдық, олар өз кезегінде жедел жәрдем бригадасына жеткізді, - дейді Алматы №4 қалалық ауруханасының травматолог-дәрігері Константин Морозов.

Науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, барлық қажетті аспаптық тексеруден өтті. Ол шұғыл госпитализацияны қажет етпеді және ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Константин Рашидович - травматология мен ортопедия саласында 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде ең күрделі учаскеде қызмет атқарады. Осы жылдар ішінде ол мыңдаған шұғыл жағдайға араласқан.

Бос уақытында Константин Рашидович ерікті болып істейді: таулы аймақтарда экспедицияларға қатысып, альпинистерге серік болады, тауда алғашқы көмек көрсету бойынша сабақ өткізеді.

— Альпинизммен айналысқаныма 20 жылдан асты. Тауға жиі шығамын, түрлі экспедицияларға қатысамын. Альпинистерге жолсерік боламын, нұсқаушыларға алғашқы көмек көрсету бойынша дәріс оқимын. Алғашқы көмек қобдишасы үнемі өзіммен бірге: биіктікке арналған, жорыққа арналған және кейде стационарлық жинақ та болады. Жаңа туристер ең көп жіберетін қателік - өз күшін дұрыс бағаламау және қауіпсіздік ережелерін елемеу, - деп баса айтады №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Константин Морозов.

Қалалық құтқару қызметі оның іздестіру-құтқару жұмысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алматылық дәрігер #альпинист қыз #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);