AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыға аптап ыстық қайта оралады

Алматыға аптап ыстық қайта оралады

Алматы Бүгін 14:18 45
Алматыға аптап ыстық қайта оралады

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы 7 күнге арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктің айтуынша, алдағы аптада Алматыда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, көбінесе қаланың таулы аудандарында болатыны болжанады. Аптаның бірінші жартысында күндізгі ауа температурасы +22...+24°С-ден +33...+35°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі.

"Синоптикалық жағдайға сәйкес, 5-7 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Осыған байланысты Алматыда қолайлы ауа райы күтіледі. Сонымен қатар 6 қыркүйекке қараған түні қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін", - дейді Дәулет Кісебаев.

Сонымен қатар мамандар 11 қыркүйектен бастап ауа райы құбылып, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжайды.

"Осы жағынан алғанда, Алматыда алдағы апта қолайлы температурамен басталып, күн күрт жылынады, бірақ апта соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, сынап бағаны төмендейді", деп сөзін түйіндейді гидрометеоорталық өкілі.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 5-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы:

  • 5 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +22...+24°С.

  • 6 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С.

  • 7 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +26...+28°С.

  • 8 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +29...+31°С.

  • 9 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +31...+33°С.

  • 10 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +33...+35°С.

  • 11 қыркүйек: аспан бұлтты, таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, кей уақыттардағы екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +26...+28°С.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Бүгін 14:13

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 дерек

Бүгін 11:42

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі тағайындалды

Бүгін 11:29

Қазақстан 300 шақырымдық ат жарысында жеңімпаз болды

Бүгін 11:21

Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);