AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы жылу жүйесінің қорытынды сынақтары: шта...

Алматыдағы жылу жүйесінің қорытынды сынақтары: штаттан тыс жағдай болуы мүмкін

Алматы Бүгін 16:52 48
Алматыдағы жылу жүйесінің қорытынды сынақтары: штаттан тыс жағдай болуы мүмкін
Алматы әкімдігі

2026 жылы 9-18 қыркүйек аралығында алдағы жылыту маусымына дайындықты аяқтау аясында Алматының жеті ауданында жылу жүйесіне гидравликалық сынақтар жүргізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері хабарлады.

Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Қауіпсіздік шаралары қабылданғанына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы секілді штаттан тыс жағдай болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 351-27-62 (тікелей нөмір) немесе 109 нөмірі арқылы хабарлаңыз.

Жылу жүйелерін сынау кестесі:

9 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;

Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағынаудандары; Көкмайса шағынауданы; Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар.

9-10 қыркүйек

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек – Куратов – Гоголь.

9-18 қыркүйек

Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағынауданы – «Алматы» шипажайы – Саин – әл-Фараби – Қазақфильм шағынауданы – Рысқұлбеков – Әбіш Кекілбайұлы – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағынауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – әл-Фараби – Алмагүл шағынауданы;

Орбита-1, 2, 3, 4 шағынаудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.

10 қыркүйек

Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков – Ратушный көшелері; Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов;

Наурызбай ауданы: Жобаланатын көше – Айтбаев – Райымбек – Алты-Алаш.

10 және 11 қыркүйек

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.

10-18 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені.

11 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

11-18 қыркүйек

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

14 қыркүйек

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.

15 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағынауданы.

15 және 16 қыркүйек

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Ясауи – Емцов.

16 қыркүйек

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович-Данченко;

Алмалы ауданы: Шокин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

17 қыркүйек

Алатау ауданы: Ақ-Қайнар – Мәмбетов – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) оңтүстік жағы.

17-18 қыркүйек

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

18 қыркүйек

Жетісу ауданы: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

Аталған аумақта тұратын барлық тұтынушы үшін ыстық сумен жабдықтау толық көлемде сақталады.

Гидравликалық сынақтар жылу желілері мен олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру, сондай-ақ қаланың жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жылыту маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік атқарады

Бүгін 17:26

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Бүгін 17:24

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 15:52

Алматыда тағы 8 жастар денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр

Бүгін 15:50

Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);