AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не біл...

Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек?

Алматы Бүгін 15:02 47 yakiya
Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек?
Алматы әкімдігі

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын талқылау жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әсіресе, ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі – қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салу.

Осыған байланысты тұрғындар арасында түрлі сауал туындаған. Атап айтқанда, қосымша жабдық сатып алу қажет пе, жылыту жүйесін ауыстыру керек пе немесе қосымша шығын туындай ма мәселе жиі көтерілуде.

Негізінде қағидалардың басты мақсаты өте қарапайым. Егер тұрғын үйге немесе нысанға газ желісіне қосылса және экологиялық тұрғыдан таза отынды пайдалану мүмкіндігі бар болса, онда көмір, отын немесе қатты отынның басқа түрлерін пайдалану арқылы ауаны ластауға жол берілмейді.

Соңғы жылдары Алматыда газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда қаланың газдандыру деңгейі шамамен 99,6 пайызға жетті. Бұл қала тұрғындарының басым бөлігінің табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін білдіреді.

Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арнайы газдандыру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, Halyk Bank пен Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылуда. Әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтарды қосу «кілт тапсыру» қағидаты бойынша жүргізіледі, яғни қажетті жұмыстар мен жабдықтар жоба аясында қамтамасыз етіледі. Тек 2025 жылдың өзінде 49 тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылды. Қазіргі таңда табиғи газға қолжетімділік 500 мыңнан астам үй шаруашылығын қамтып отыр.

Сондықтан жаңа талаптар тұрғындарға қосымша қаржылық жүктеме жүктеуге емес, экологиялық таза отынды пайдалануға барлық жағдай жасалған аумақтарда ауа ластануын азайтуға бағытталған.

«Біздің Медеу ауданындағы үйіміз өткен жылы газдандыру бағдарламасы аясында газға қосылды. Бұрын көмір пайдаланатынбыз, ол қолайсыз, әрі шығыны көп болатын. Қазір әлдеқайда жайлы: үй жылы, көмірдің шаңы жоқ, отынмен әуре болмаймыз. Сондықтан газ тартылған жерлерде біртіндеп лас отын түрлерінен бас тарту дұрыс деп есептеймін. Бұдан аудан тұрғындарының барлығы ұтады», – дейді Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны.

Қағидаларда газбен жабдықтау мүмкіндігі бола тұра көмір пайдалануды жалғастырып отырған нысандарға ерекше назар аударылған. Ең алдымен бұл моншаларға, қоғамдық тамақтану орындарына, соның ішінде кәуапханаларға, техникалық қызмет көрсету бекеттеріне және тұрғын үйлерге жақын орналасқан басқа да шығарындылар көздеріне қатысты.

Осыған байланысты бірқатар бизнес нысандары үшін сүзгілер мен шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату, сондай-ақ экологиялық таза энергия көздерін пайдалану жөніндегі талаптар көзделген.

Мұндай жағдайды көптеген алматылық байқап жүр.

«Қыста кейбір коммерциялық нысандардан қою түтін шығып жатқанын көруге болады, ал ол аудан әлдеқашан газға қосылған. Әсіресе, балалар тұратын жерде ауаның таза болғанын қалайсың», – дейді Наурызбай ауданының тұрғыны.

Eco Almaty мамандарының деректеріне сәйкес, Алматыдағы барлық ластаушы заттар шығарындының шамамен 11%-ы жеке тұрғын үйлер мен моншалардың үлесіне тиесілі. Тұрақты түрде түтін мәселесіне тап болатын қала үшін бұл айтарлықтай көрсеткіш болып саналады.

Өзгерістердің негізгі мақсаты – айыппұл салу немесе қосымша төлем енгізу емес. Басты міндет – атмосфералық ауаны ластайтын көздердің санын кезең-кезеңімен азайту.

Алматыда ауа сапасын жақсарту жұмыстары бірнеше бағыт бойынша қатар жүргізілуде: қоғамдық көлік жаңартылуда, автокөліктер мен кәсіпорындардың шығарындыларына бақылау күшейтілуде, төмен эмиссия аймағының (LEZ) пилоттық жобасы енгізіліп, экологиялық жағдайға әсер ететін нысандарды газдандыру және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Таза ауа – бұл тек экология мәселесі ғана емес, тұрғындардың денсаулығына тікелей қатысты мәселе. Сондықтан Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары шаһарды өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атмосфера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

New Vision Forum 2026: Қазақстан экономикасының жартысы 500 ірі компанияның үлесінде

Бүгін 16:13

Алматыда Асанәлі Әшімов театры «Мұғалім» драмасын сахналады

Бүгін 15:45

Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы алматылық көрерменді тәнті етті

Бүгін 15:35

Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуге шақырды

Бүгін 15:09

Туристік маусым - 2026: Алматыдағы танымал демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);