конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам...

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Алматы 06.06.2026, 17:03 296 Сұлу
Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты
Алматы әкімдігі

Алматыда Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экологиялық акция қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сенбілік Алматының барлық сегіз ауданындағы 12 аумақта өтті. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен экологиялық белсенділерді қоса алғанда 7 100-ден астам адам қатысты. Іс-шараларды өткізу үшін 153 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Акция қорытындысы бойынша 1 139 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды.

Тазалық жұмыстары Үлкен Алматы, Қарғалы, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Ақсай және Қарасу өзендерінің аумақтарында, сондай-ақ «Оңтүстік» саябағында, «Аюсай» визит орталығында, алғашқы қалалық экохабта, Green Recycle және Technic Destroy кәсіпорындарының аумақтарында және басқа да қоғамдық кеңістіктер мен экологиялық нысандарда жүргізілді.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық сананы дамытуға және тұрғындарды қаланың тазалығын сақтауға белсенді тартуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);