Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс...

Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады

Мәдени Алматы 20.06.2024, 09:16 1,290
Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады
Сурет: Алматы қаласының Мәдениет басқармасы

Алматы тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар тәжірибесін белсенді түрде енгізіп отыр.

Айта кетейік, бір жыл бұрын, маусым айында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін кітапханалар құру туралы бастама көтерген болатын.

Алматының екі кітапханасы – Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 2023 жылғы қыркүйек айынан бері (2023-2024 оқу жылы) оқырмандарды тәулік бойы қабылдап келеді. Алматының Мәдениет басқармасы бұл әдістеменің оқушылар, студенттер, магистранттар, сондай-ақ докторанттар арасында үлкен сұранысқа ие екенін атады. Осыған байланысты мегаполистің Абай даңғылы, 141 мекенжайында орналасқан тағы бір кітапханасы енді 24/7 режимінде жұмыс істейді.

«Қазір Алматыда үш кітапхана оқырмандарды 24 сағат бойы қабылдайды. Кез келген адам өзіне ыңғайлы уақытта келе алады. Жаңа жұмыс форматы енгізілген соң келушілер саны да артты. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылғы қыркүйек айынан бері Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына 27 650 адам келсе, Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 28 мың оқырманға қызмет көрсеткен.  Жалпы алматылықтар кітап оқығанды жақсы көреді.  Тек қалалық кітапханалардағы көрсеткіштерге тоқталсақ, оқырмандар жыл сайын кем дегенде үш миллион рет келіп-кетеді», – деп хабарлайды Алматы қаласының Мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, Алматыда 28 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Олардың 95%-ы жаңғыртудан өтті: материалдық-техникалық база мен кітап қоры жаңартылып, жайлы оқу залдары мен интернет-залдар пайда болды. Сондай-ақ, Алматы кітапханашылары оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғаш рет Оңтүстік Корея, Германия және Швейцариядағы үздік кітапханаларда тағылымдамадан өтіп келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #24/7
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика