AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Алматы 18.04.2026, 11:31 614
Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар
Қайрат Қоныспаев

Алматы қаласының Алатау ауданында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінгі сенбіліктің ойдағыдай өтуіне мердігер мекемелер үлкен қолдау көрсетті. Күрек, тырма, сыпыртқы сынды қажетті құрал-бұйымдармен Алатау ауданының әкімдігі қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде жұмысты сапалы атқарып шығуға септігін тигізді. Сенбілікке сергек қарайтындар тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоқыстарды тазартып, сыпырып, айналаны ретке келтірді. Иә, көп жұмылған істе береке де, нәтиже де болады.

«Қаланы тазарту, көріктендіру жұмысы жалғасуда. Табиғатты қорғау, өзіміз ауасын жұтатын жерді, күнде жүретін жолымызды, серуендейтін саябағымызды таза ұстау – әрқайсысымыздың міндетіміз. Ауа райының қолайсыздығына, жаңбырлы күнге қарамастан сенбілікке 550-ден астам қатысты. 70 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 250 м3 қоқыс шығарылды», – дейді Алатау ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр Қаршыбеков.

Мұндай экологиялық акциялар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жанашырлығын, жауапкершілігін арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);