конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы сәбилерді сату фактісі: ІІМ адам саудас...

Алматыдағы сәбилерді сату фактісі: ІІМ адам саудасына қатысты 39 қылмысты ашты

Барлығы 12.12.2025, 11:40 718
Алматыдағы сәбилерді сату фактісі: ІІМ адам саудасына қатысты 39 қылмысты ашты
Сурет: Gov.kz

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады.

"STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты. Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілуде. Түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қанаудың әртүрлі фактілерінің жолы кесілді.

Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізді. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды.

Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "элиталық эскорт" ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы мен Астана қалаларының түнгі ойын-сауық орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның мақсаты - азаматтарды қылмыстық қанау тәуекелдерінің алдын алу, жастарды асоциалды әрекетке тарту фактілерін болдырмау және қоғамдағы моральдық құндылықтарды нығайту. Кешенді профилактикалық жұмыс жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сәбилерді сату #"STOP-трафик" #қылмысты ашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Бүгін 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Бүгін 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Бүгін 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Бүгін 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);