Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірін құжатсыз жүр...

Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірін құжатсыз жүргізіп жүрген Өзбекстан азаматы анықталды

Заң мен тəртіп 03.08.2022, 09:51 1,217
Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірін құжатсыз жүргізіп жүрген Өзбекстан азаматы анықталды
Сурет: Polisia.kz

Өзбекстан азаматы 126-шы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдаған.


Бұл деректі Әуезов ауданының полицейлері “Қауіпсіз жол” айлығы барысында анықтады.



«Тексеру кезінде жүргізушіде өзімен бірге жеке басын растайтын құжаттары да, жүргізуші куәлігі де болмады. Ер адам оларды жұмыс орнында ұмытып кеткенін айтты. Бұл – заң талаптарын анық ескермеу және соның салдарынан жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру. Жүргізуші мен автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.



Сонымен қатар, полиция Алматыда 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «”Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды. Полиция жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністердің дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі. Қоғамдық көліктер арасында жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғамдық көлік #құжатсыз жүру #шетелдік азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында Ашық есік күні ұйымдастырылды

Бүгін 12:00

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде

Бүгін 11:27

Алматыда «Медеу» паркінде жаңа маршрут салынады

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика