AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы пиццерия чекке теңге мен рубльді қатар...

Алматыдағы пиццерия чекке теңге мен рубльді қатар жазған

Заң мен тəртіп 04.07.2024, 08:50 822 yakiya
Алматыдағы пиццерия чекке теңге мен рубльді қатар жазған
интернет

Бұған әкімшілік жаза қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, Азаматтық кодекске сәйкес, ҚР аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы дәмханалардың бірінде қонақтарға тапсырыс сомасын теңгемен де, рубльмен де көрсеткен чек ұсынылған.

TikTok-та жарияланған бейнеде жергілікті тұрғындардың бірі  ресейлік франчайзингке тиесілі пиццерияға барған.

"Жаңа ғана пиццерияда болдым. Бұл ресейлік франшиза. Мен шот сұрадым, маған чек әкелді. Онда жиынтық сома теңгемен де, рубльмен де көрсетілген. Біз өз ұлттық валютасы бар тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, Қазақстанда тек осы валютаны ғана пайдаланамыз. Неліктен олар маған рубльмен есепшот әкеледі?"- келуші ашуланды.

Мемлекеттік кірістер комитеті не дейді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бейнеде ұсынылған чек ҚР заңнамасында белгіленген бақылау-кассалық чек болып табылмайтынын түсіндірді.

"ҚР Салық кодексіне сәйкес сатушы тауардың, жұмыс пен қызметтің төленген Сомасы үшін БКМ чегін беруге міндетті. "Ұлттық банк туралы" Заңға сәйкес Қазақстан теңгесі ҚР ақша бірлігі болып табылады. Азаматтық кодекске сәйкес ҚР аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетілуі тиіс", – деп еске салды МКК.

Бақылау-кассалық чекті қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау салық төлеушінің міндеті болып табылады. Бұзушылық үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Чек #Алматы #рубль #теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика