AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық дең...

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Экономика 02.04.2026, 17:35 199 yakiya
Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда олардың толымдылық деңгейі 90%-дан асып, Индустриялық аймақтың екінші кезеңіндегі жер телімдерінің шамамен 80%-ы инвесторлардың жобалары үшін алдын ала резервке қойылған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалада жер ресурстарының шектеулі болуына байланысты инвестиция тартудың тиімді моделі қалыптасып келеді.

«Әкімдік нақты инвестициялық талаптарды белгіледі: бөлінген әр гектар жерге кемінде 3 млрд теңге инвестиция тартылуға тиіс. Басты басымдық — жоғары қосылған құны бар және заманауи жұмыс орындарын ашатын жоғары технологиялық өндірістерді дамыту», — деді Олжас Смағұлов.

Қазіргі уақытта Индустриялық аймақтың екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында 196 гектар аумақтағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы аяқталады. Қазірдің өзінде бұл аумақтағы жер телімдерінің шамамен 80%-ы ірі инвестициялық жобаларға бөлініп қойған.

Бизнестің жоғары сұранысын ескере отырып, қалада Индустриялық аймақты кеңейтудің үшінші кезеңі пысықталуда. Бұл кезең аясында аймақ аумағын қосымша 393 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Жер телімдерін сатып алу және дайындау жұмыстары 2026-2028 жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматыда шағын индустриялық парктерді дамытуға жаңа тәсілдер енгізілуде. Жаңартылған талаптарға сәйкес, олар екі қабатты форматта салынады, бірыңғай сәулеттік стиль сақталады. Салалық жіктеу енгізіледі, нысандар түстік белгілеу арқылы ажыратылады.

Бұдан бөлек, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағын дамыту жалғасуда. Инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылыққа байланысты оның аумағын кеңейту, қолданыс мерзімін ұзарту жоспарланып отыр (қазіргі қолданыс мерзімі — 2028 жылы 1 қаңтарға дейін).

Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтағы басым қызмет түрлерінің тізімі кеңейтіледі. Қолданыстағы 33 бағытқа қосымша тағы 12 жаңа бағыт енгізу жоспарланып отыр. Олардың қатарында білім беру, ұшқышсыз технология, ғылыми әзірлемелер, медиаөндіріс сияқты салалар бар. Бұл шаралар Алматының инвестициялық тартымдылығын арттырып, қаланың инновация мен технология орталығы ретіндегі әлеуетін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);