Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыдағы ескі зират маскүнемдер мекеніне айналға...

Алматыдағы ескі зират маскүнемдер мекеніне айналған

Өмір-өзен 14.06.2023, 06:20 1,252
Алматыдағы ескі зират маскүнемдер мекеніне айналған
Сурет: Zakon.kz

Мұнда ең соңғы рет 1978 жылы мәйіт жерленген.


Медеу ауданының тұрғындары шағымданып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Олардың айтуынша, қорым бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Аумақ қоршалмағандықтан, төңіректі қадағалау қиынға соғады екен. Одан қалса, көне зират бірнеше жеке секторлы үйге іргелес орналасқан. Соның кесірінен кейбір бейіт тұрғын үй аулаларында жатыр.


Айналасы қоршалмаған аумақ көше кезгендердің тұрақты мекеніне айналған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар осында топтасып отырады, кейін айналасын қоқысқа толтырады. Қажет болса, зираттардың жанына қонып та қалатын көрінеді.



"Мазар қоқыс үйіндісіне айналғандай. Қарап-қадағалап, күтім жасап жатқан ешкім жоқ. Одан бөлек, бұл жерге ешкім зерттеу жүргізбеген. Елге танымал, көрнекті тұлғалардың осында болмасына кім кепіл? Қолымыздағы тарихты өзіміз өшіріп отырмыз. Түрлі вандализм болғанын анық көруге болады. Темірлерді қиратқан. Белгілерді жұлып алып кеткен",– дейді қоғам белсендісі Евгений Морозова.



Аты-жөні белгісіз бейіттің тұрғызылғанына жарты ғасырға жуықтапты. Үй иесінің айтуынша, оны ешкім іздеп келмейтін де көрінеді. Жергілікті жұрт түн ішінде үйге кіріп-шығуымыздың өзі қорқынышты деп отыр.



"Бұл мазарда жерленгендердің басым көпшілігі – соғыс ардагерлері. Мәселен, менің екі атам да осында жатыр. Қолымнан келгенше ара-тұра барып айналасын тазартып, күтім жасауға тырысамын. Бірақ өздеріңіз көргендей, аумақ өте үлкен. Көпшілігі 1800 жылдардың тумалары. Арттарынан ешкім іздеп келмейді де", – дейді қала тұрғыны Рима Горынина.



Медеу аудандық әкімдігінің айтуынша, зират өте көне. Мұнда ең соңғы рет 1978 жылы мәйіт жерленген. Қазір аумақты қоршау жұмыстары қарастырылып жатыр екен.


Аумағы 3 гектар болатын ат шаптырым жер алдағы уақытта көпшілікке демалыс аймағы ретінде пайдалануға берілуі де мүмкін. Ортақ талап бойынша – бірнеше жыл тұрған қорымдар үстіне саябақ немесе басқа да қоғамдық ғимарат салынатыны белгілі. Десе де, жергілікті әкімдік әрбір жұмыс тұрғындармен кеңесе отырып жүргізілетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мазар #Медеу #маскүнем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика