AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы экологиялық акцияға қатысқандар 100 тон...

Алматыдағы экологиялық акцияға қатысқандар 100 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жинап, оны өңдеуге берді

Алматы Бүгін 15:05 61
Алматыдағы экологиялық акцияға қатысқандар 100 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жинап, оны өңдеуге берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Recycle Бірге экологиялық қозғалысы мен Greenup.kz қоғамдық қоры бірнеше жылда 100 тоннаға жуық қайталама шикізат жинап, оны қайта өңдеуге тапсырған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заттарды қайтара пайдалану қалдықтың көлемін азайтып, саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Greenup.kz қоры мен Recycle Бірге экологиялық қозғалысының өкілі Камила Әкімбекова баяндап берді.

Greenup.kz қоғамдық қоры Алматыда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Қор Recycle Бірге экологиялық қозғалысының негізінде құрылған. Жобаның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті дамытып, қалдықты бөлек жинауды, саналы тұтыну мәдениетін қалыптстыруды кеңінен насихаттау.

Қор жұмысының негізгі бағытының бірі – Recycle Бірге қалалық экологиялық акцияларын өткізу. Осының аясында қайта өңдеуге арналған қайталама шикізатты жинау, заттарды қайта пайдалану, кітап алмасу, өсімдіктер алмасу, экологиялық шеберлік сабақтары мен дәрістер, жергілікті брендтердің жәрмеңкесі, сондай-ақ әлеуметтік, қайырымдылық және шығармашылық жобаларға арналған заттарды жинау сияқты бірнеше формат қамтылған.

Мұндай акцияның әрқайсысына орта есеппен 1,5-2,5 мың адам қатысады. Бір жолы 4-4,5 тоннаға дейін қайталама шикізат жинауға мүмкіндік бар. Ал ай сайын тағы шамамен 1,5-2 тонна зат Дармарка аймағында жаңа иесін табады.

«Жобамыздың мақсатының бірі – заттарға екінші өмір сыйлау. Бұл оларды мақсатына сай қайта пайдалану, апсайклинг немесе қайта өңдеу арқылы жүзеге асады. Мұның арқасында табиғи ресурсты пайдалануды азайтып, күн сайын полигонға жіберетін қоқыс көлемін қысқартуға болады. Бірақ адам қажетсіз затты қайда тастау керектігін ғана емес, бұл заттың үйде не себепті пайда болғаны туралы да ойланса екен дейміз», – дейді Камила Әкімбекова.

Алматыда Дармарка 2017 жылдың желтоқсанынан бері өтеді. Қатысушылар жақсы сақталған, әлі де пайдалануға болатын киім, аяқ киім, аксессуар, төсек-орын жабдығы, сүлгі, ыдыс-аяқ, балалардың киімі мен ойыншық алып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әкелген заттардың арасында жапсырмасы алынбаған, жаңа бұйым да көп кездеседі екен. Көбіне бұл жеңілдік пен акция кезінде сатып алынған немесе иесі пайдаланбаған сыйлықтар. Қор өкілдерінің пікірінше, мұндай жағдай қалдық мәселесінің тұтыну әдетімен қаншалықты тығыз байланысты екенін анық көрсетеді.

«Адам үйіндегі заттарын реттеп, оларды Дармаркаға әкеліп, кейін бір жерде жиналған заттардың көлемін көрген кезде, ерте ме, кеш пе, олардың не себепті соншалықты көп болғаны туралы ойлана бастайды. Шынында да, мұның барлығын сатып алу қажет болды ма деген сұрақ туады. Сондықтан жобаның мақсаты – заттарды жай ғана қайта үлестіру емес, адамдарды біртіндеп ойланып сатып алып, саналы тұтынуға бағыттау», – дейді спикер.

Жұмыс істеген жылдары Greenup.kz пен Recycle Бірге 36-дан астам үлкен қалалық экологиялық акция мен 60 Дармарка өткізген. Сонымен қатар ондаған корпоративтік сенбілік пен экологиялық тимбилдинг ұйымдастырды. Бұдан бөлек, жүздеген экологиялық дәріс пен шеберлік сабағы да өткен. Оларға 500-ден астам ерікті қатысты. Әртүрлі қалдық пен қайталама шикізатты жинаушылармен, қайта өңдеушілермен байланыс қалыптасты.

Жиналып, қайта өңдеуге тапсырылған қайталама шикізаттың жалпы көлемі қазірдің өзінде 100 тоннаға жуықтаған. Бұдан бөлек, ондаған тонна киім, аяқ киім, кітап, ойыншық, тұрмыстық заттар мен басқа да бұйымдар қайта пайдалануға жіберілді, сондай-ақ әлеуметтік, қайырымдылық және шығармашылық жобаларға беріліпті. Қордың іс-шаралары мен білім беру бағдарламаларына осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам адам қатысқан.

Greenup.kz білім беру ұйымдарымен, бизнеспен, қоғамдық ұйымдармен, қайта өңдеушілермен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөледі.

2026 жылы Алматыда Recycle Біргенің алты ірі экологиялық акциясы өтіп, оларға 10 мыңнан астам адам қатысты. Осы уақыт ішінде шамамен 20 тонна қайталама шикізат қайта өңдеуге тапсырылды. Сонымен қатар қайта пайдалануға, түрлі жобаға беруге арналған 10 тоннадан астам зат жиналды.

Биылғы жетінші экологиялық акция 6 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік циркінің аумағында өтпек. Онда қайталама шикізатты қабылдау, заттарды қайта пайдалану, Дармарка, кітап алмасу, өсімдіктер алмасу, шеберлік сабағы мен жергілікті экологиялық брендтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар алаңда бастапқы медициналық скрининг өткізіледі. Қатысушылар артериялық қан қысымы мен қандағы қант деңгейін өлшеп, липидтік бейінін тексере алады. Сондай-ақ кардиолог, терапевт пен невролог мамандардан жедел кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған.

«Recycle Бірге экологиялық акциясы – бұл жай ғана қалдық жинау емес. Бұл қоршаған ортаға қамқор болып, бір-біріне қамқорлық жасау үшін бірігетін, қолдау мен мотивация табатын кеңістік. Біз экологиялық өмір салты түсінікті әрі қолжетімді болып, алматылықтардың күнделікті өміріндегі үйреншікті нәрсеге айналғанын қалаймыз», – деп толықтырды ұйымдастырушылар.

Акция 6 қыркүйекте сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін Қазақ мемлекеттік циркінің аумағында өтеді. Мекенжайы: Абай даңғылы, 50. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бостандық ауданы әкімдігінің және Қазақ мемлекеттік циркінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде алғашқы қоңырау салтанаты өтті

Бүгін 16:12

Алматыда бір жылда қайта өңдейтін 700 тонна тоқыма жиналды

Бүгін 16:10

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 15:06

Қазақстанға Лаос Президенті келді

Бүгін 15:04

Алматыда GT SPORT FEST фестиваліне байланысты Төле би көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);