конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі енді «Қазақ...

Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі енді «Қазақ радиосы» деп аталады

Мұны білген жөн 27.09.2021, 16:07 1,684
Алматыдағы автобус аялдамаларының бірі енді «Қазақ радиосы»  деп аталады
Сурет: Inform.kz

Биыл Қазақ радиосына - 100 жыл!


Алматыдағы автобус аялдамаларының біріне «Қазақ радиосының» аты берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлының айтуынша, автобус аялдамасы қазақ телевизиясының қара шаңырағы орналасқан Желтоқсан көшесі, 175 үйдің іргесінде.


«Аталған көшемен жүретін автобустарда жаңа аялдаманың аты екі тілде атала бастады. Сонымен қатар, аялдамаға Қазақ радиосының қондырғысы орнатылды. Яғни, бүгіннен бастап радиодан тарайтын жаңалықтар мен хабарларды жолаушылар тыңдай алады. Қазақ радиосы сөйлеп тұрады»,- дейді Бақыт Жағыпарұлы.


Сонымен қатар, ол Қазақ радиосының 100 жылдығына орай мемориалды тақта орнатылғанын атап өтті.


«Алматы қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақ радиосының ғимаратына, қара шаңыраққа Радио үйі деген мемориалдық тақта орнатылды»,-дейді ол.


Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында «Алматыдан сөйлеп тұрмыз...» атты радионың ғасырлық тарихынан сыр шертетін көне құжаттар мен суреттер көрмесі өтті. Айта кетейік, биыл Қазақ радиосына 100 жыл, «Шалқар» радиосына 55 жыл толып отыр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «1 қазан - Радио қызметкерлері күні» деп жариялауды ұсынған болатын. Президент ұсынысы қолдау тауып, 13 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысы шықты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аялдама #қазақ радиосы #атау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Бүгін 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Бүгін 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);