AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өтк...

Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды

Алматы 04.06.2026, 09:30 161 yakiya
Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды

Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Анталия қаласында (Түркия) 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өткен FEMO (Future Intelligence Students Mathematics Olympiad) халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

Жас математиктер халықаралық деңгейде мектеп пен Қазақстанның абыройын асқақтатып, 16 медаль жеңіп алды.

Жыл сайын өтетін олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Германия, Польша, Франция, Индонезия, Армения және Кипр сынды 18-ден астам елдің өкілдері қатысады.

Биылғы оқу жылында олимпиадаға 6000-нан астам оқушы қатысты. Оның ішінде 570 қатысушы финалдық кезеңге жолдама алып, шамамен 200 оқушы жүлдегер атанды.

№90 мамандандырылған мектеп-лицейі оқушыларының жетістігі ерекше мақтаныш тудырады. Мектептен қатысқан 16 оқушының барлығы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленді.

FEMO олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

3-сынып

Әди Дамирұлы — күміс 🥈

Жәңгір Жақсылық — қола 🥉

4-сынып

Алмат Анарбеков — алтын 🥇

Жәнібек Түркібаев — алтын 🥇

Тимур Изимов — алтын 🥇

Даниал Сапарбаев — күміс 🥈

Әлихан Аязбаев — күміс 🥈

Нұрсұлтан Жексенбиев — қола 🥉

Сафина Мұқажан — қола 🥉

Давид Лесников — қола 🥉

Диас Мамедалиев — қола 🥉

Әлихан Қалдыбаев — қола 🥉

5-сынып

Дінмұхамед Меңдібаев — алтын 🥇

Ескендір Сағынбек — алтын 🥇

Аңсар Көбеген — қола 🥉

6-сынып

Дархан Елеусіз — алтын 🥇

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада такси жүргізушісі тұрғынның зергерлік бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген

Бүгін 12:17

Президент мұғалімдердің құқығын күшейтетін заңға қол қойды

Бүгін 11:08

Рыбакина Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін 10:58

Қазгидромет 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:19

Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

Бүгін 00:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);